jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Менің туған күнімнен күшті": қозыларына арнап торт пісірген қызға жұрт сүйсінді (видео)

Қозылар
Қозылар. Фото: Instagram / arailymdikhanbay

Әлеуметтік желіде жас қыздың қозыларына арнап торт пісірген видеосы тарады. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары бойжеткенге ризашылығын білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінде бойжеткен қозыларына арнап торт пісіріп бергені туралы видео тарады.

"Достық станциясы. Қозыларыңа арнап торт пісірген бөлек сезім. Жердегі шөпті жемей, әр ағаштың жапырағын жақтырмай, біреуін ғана көздейтіні қызық. Долана ма, итмұрын ба білмедім. Әйтеуір осыны ғана сүйіп жейді. Пісіп, өз атауына толық келуін күтпей, бір аптада тауыстық", - деп жазады автор видео сипаттамасында.

Бойжеткеннің бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірген.

"Осы екеуіне мейірімділік танытқаныңыз үшін Алла сізді барлық жамандықтан қорғасын", "Қандай мейірім қошақандарға", "Сондай жылы, қызық көрініс", - деді пікір білдірушілер.

Кей желі қолданушылары әзілдей отырып, пікір қалдырған.

"Махаббатты сезініп өскен қойлардың жүнінен бірдеңе жасап алайын деп едім", "Оның туған күні менің туған күнімнен күшті ғой", - дейді олар.

Айта кетсек, көптің талқысына түскен видео 19,7 мыңнан астам лүпіл, 308 мың қаралып жинап үлгерген.

"Менің туған күнімнен күшті": қозыларына арнап торт пісірген қызға жұрт сүйсінді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.