Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия жылдарында күлімсіреуді ұмытып қалған жапондықтар қайтадан күлуді үйренуде (видео)

Опубликовано:

Күлуді қайта үйреніп жатқан жапондық жігіт
Күлуді қайта үйреніп жатқан жапондық жігіт. Видеодан кадр: "Хабар24"

Жапонияда күлуді үйрететін тренингтердің танымалдығы артуда. Пандемия жылдарында күншығыс елі тұрғындарының көбі күлімсіреп эмоция білдіруді ұмытып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, күлуге арналған тренингтің бірі - Токиодағы өнер университетінде қолға алынған. Мұнда студенттерді күлуге үйретеді. Сабақ барысында теориямен қатар практикада қамтылған. Ал бетті сканерлейтін арнайы бағдарламаның көмегімен күлкіңіздің қаншалықты мінсіз екенін білуге ​​болады.

"Жиі күлетін адаммен көбірек танысып жатады. Олардың өмірі айтарлықтай қызықты", – дейді "Күлімдеуді үйрен" бағдарламасының жаттықтырушысы Кейко Кавано.

Тренинг қатысушылары өздерін бетпердесіз жайсыз сезінетінін, ал күлімсіру керек болса ыңғайсыздық сезімі туындайтынын айтады. Десе де, тренингке қатысушының бірі жұмыс іздегенде күлімсіреудің көп септігі тиетінін атап өтті.

"Бір лауазымға ондаған үміткер келгенде, жиі күлімсірейтін адам өзі туралы жақсы әсер қалдырады және жұмыс берушінің есінде қалады", – дейді жапондық жігіт.

Ал тағы бір қатысушы күліп жүру өзі үшін жаңа тәжірибе екенін жеткізді.

"Мен бет-әлпетіме назар аудара отырып, күлуді үйрендім. Енді мен күлген кезде бетімнің қандай болатынын жақсырақ білетін боламын", – дейді жапондық қыз.

Күлуді үйрететін тренингтер Жапонияда соңғы бірнеше айда яғни, COVID-19 пандемиясына қатысты барлық шектеу шарасы жойылған соң танымал бола бастаған.

Қатаң шектеулерді, соның ішінде қоғамдық орындарда бетперде тағу талабын жапон билігі сәуір айының басында алып тастады. Соған қарамастан, елде адамдардың дені бетперде тағауды жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023431-pandemiya-zyldarynda-kulimsireudi-umytyp-qalgan-zapondyqtar-qaitadan-kuludi-uirenude-video/