jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"200 шақырымды небәрі 4 минутта еңсереді": Испанияда "ұшатын таксилер" қатынай бастады

"ұшатын такси"
"Ұшатын такси". Видеодан кадр: "Хабар24"

Испанияда 200 шақырымды небәрі 4 минутта еңсеретін қалааларық әуе көлігі қатынай бастады. Мамандар 5 жыл тер төккен "ұшатын таксилер" туристерге арналып жасалған, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телерна мәліметінше, "ұшатын таксилер" Испанияның Майорка қаласы мен Ибица аралы арасында қатынай бастаған. Такси-ұшақтардың тағы бір артықшылығы электрден қуат алады яғни қоршаған ортаға зияны аз.

Таксидегі орын саны бесеу, бір жолаушы 710 еуро, шамамен 342 мың теңге төлейді.

"Біз пилоттық жобаны бір ай бойы сынақтан өткіземіз. Егер сұраныс көп болса, такси Испанияның басқа да қалалары арасында қатынайды. Бұл электрлі қозғалтқышпен жүретін тікұшақтардың жаңа буыны", - дейді өндіріс компаниясының бас директоры: Карлос Поведа.

Мамандар "ұшатын таксилерді" интеллектуалдық транспорт түріне жатқызып отыр. Өйткені көлікті құрастыру кезінде аэроғарыштық технологиялар мен инновациялық шешімдер қолданылған.

"Бастапқыда бір ұшақтың салмағы 720 кг еді, ал қуаты небәрі 60 шақырымға ғана жететін. Қазір біз оның салмағын 550 кг-ға дейін түсірдік, нәтижесінде 200 шақырымды оңай еңсере алатын болды", - дейді техникалық директор Хавьер Ромо.

"200 шақырымды небәрі 4 минутта еңсереді": Испанияда "ұшатын таксилер" қатынай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.