jitsu gif branding logo appbranding logo app
Новости русской службы Би-би-си

"Бастапқы құнынан 400 есе жоғары": АҚШ-та әлемде сирек кездесетін iPhone смартфоны 190 мың долларға сатылды

iPhone смартфоны
iPhone смартфоны. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-та өткен аукционда ашылмаған күйде сақталған, 2007 жылы шыққан жады 4 ГБ болатын iPhone телефоны шамамен 190 мың долларға сатылды. Сирек кездесетін смартфон iPhone коллекционерлерінің арасында қымбатқа бағаланған, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.

Басылым жазуынша, LCG Auctions аукциондық фирмасы өткізген аукционда жады 4 ГБ болатын iPhone-ды сатып алуға 28 өтінім берілген.

Коллекционерлер сирек кездесетін смартфон үшін 50 мыңнан 100 мың долларға дейін төлеуі мүмкін деген болжам болған, бірақ бұл жолғы аукционның нәтижесі барлық рекордты бұзған.

Осылайша, жады 4 ГБ болатын iPhone бастапқы құнынан 400 есе жоғары бағаға сатылған.

Аукцион өткізетін үй лоттың сипаттамасында жады 4 ГБ болатын iPhone-ды "люкс категориясындағы танымал дүние" және "коллекционерлер үшін өте құнды зат" деп сипаттаған. Сондай-ақ олар былтыр да iPhone-ның алғашқы нұсқасының екі данасы рекордтық бағаға сатылғанын атап өткен. Ол смартфондар да зауыттан шыққалы бері ашылмаған.

Басылым мәліметінше, жады 4 ГБ болатын iPhone смартфоны нарыққа шығарылған кезде оның бағасы 599 доллар болған. IPhone-ның бұл моделі алғаш рет 2007 жылы Apple-ді Стив Джобс басқарған кезде шығарылған.

Алайда компания бұл модельдің өндірісін смартфон сатылымға шыққаннан кейін екі айдан соң тоқтатқан. Себебі жады тек 4 ГБ iPhone телефоны тұтынушылар арасында аса сұранысқа ие болмаған.

Оның орнына тұтынушылар бір уақытта шығарылған 8 ГБ моделін сатып алуды жөн көрген. Тұтынушылар құны небәрі 100 долларға артық, жады екі есе жоғары смартфонды тиімдірек деп бағалаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.