jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Тұмсығынан ұрған": Австралияда 77 жастағы ер адам аяғын тістеп алған акуламен арпалысқан

Дақты воббегонг
Дақты воббегонг: www.aqualogo.ru

Австралияда 77 жастағы Ричард Стуббс аяғын тістеп алған акуланың тұмсығынан жұдырықпен ұрып, тірі қалған. Ер адамның таныстары оған судан шығуға көмектескен, кейін ол дереу ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлады.

22 шілдеде Ричард Яллингуп лагунасында снорклингпен айналысып жатқанда оған жағадан 50 метр қашықтықта балдырлардың арасында жасырынған екі метрлік воббегонг (акуланың бір түрі) шабуыл жасаған. Акула ер адамның аяғын тістеп алған.

"Кенет мені бір нәрсе итеріп жібергенін сездім, аяғыма бірдеңе қатты соғылды, мен: "Бұл не?" деп ойладым. Шынымды айтсам, не істерімді білген жоқпын, оқиға аяқ астынан болды", - деп еске алды ер адам.

Ричард акуланың тұмсығынан соққаннан кейін оған снорклинг-экскурсияға бірге келген адамдар судан шығуға көмектескен.

Басылым мәліметінше, фотодан қарт адамның аяғында акула тістерінің ізін көруге болады. Ричард шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір тәуірленіп келеді. Жан түршігерлік оқиғадан кейін билік акулаларға байланысты аймақта төтенше жағдай жариялады.

Воббегонг акулалары - Индонезия мен Австралия теңізінің түбінде мекен етеді. Оларды 100 метрге дейінгі тереңдікте құмды немесе тасты риф түбінде жиі кездестіруге болады. Воббегонгқа тым жақын жүзіп келген адамдарға, суға сүңгушілерге шабуыл жасалғаны туралы бірнеше хабарламалар болғанымен, бұл акула түрі адам үшін қауіпті деп саналмайды.

Басылым ақпаратынша, австралиялық акулалардың шабуылы туралы мұрағатта жиналған ақпаратқа сәйкес, воббегонгтың адамға шамамен 50 шақты себепсіз шабуылы тіркелген. Еш бір шабуыл өлімге әкеліп соқпаған.

"Тұмсығынан ұрған": Австралияда 77 жастағы ер адам аяғын тістеп алған акуламен арпалысқан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.