jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Испанияда ағаштарды құшақтауға тыйым салынды

Секвойя ағаштары
Секвойя ағаштары. Көрнекі фото: pixabay.com

Испанияның Кабесон-де-ла-Саль қаласының билігі жергілікті ормандағы ағаштарды сақтау үшін туристерге оларды құшақтауға тыйым салды, деп хабарлайды 34Travel басылымы.

Басылым мәліметінше, ағаштарды құшақтағаннан кейін оларға зақым келуде. Бұндай жағдайды болдырмас үшін жергілікті басшылық жоспар құрған.

Жоспардың бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Екінші кезең бойынша туристер ағаштарға жақындамау үшін орманда жаңа жолдар салынады. Сондай-ақ билік орманға кіруді ақылы етуді қарастыруда.

Басылым жазуынша, жыл сайын Кабесон-де-ла-Сальға шамамен 200 000 турист келеді.

Бұл жерде орналасқан орман ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Орман 1940 жылдары жасанды жолмен жасалған, өйткені мұндағы қолдан отырғызылған секвойя ағашы табиғи түрде Солтүстік Америкада ғана өседі.

Испанияда ағаштарды құшақтауға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.