jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

"Ғалам аруы" байқауының биылғы жеңімпазы анықталды (фото, видео)

"Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы
"Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы. Фото: Hector Vivas/Getty Images

"Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы белгілі болды. Бұл атаққа никарагуалық ару лайық деп танылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Никарагуалық 23 жастағы ару Шейнис Паласиос 72-ші рет өткізілген "Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы болды.

Ұйымдастырушылар бұл туралы Instagram желісінде жариялады.

"Ғалам аруы" халықаралық байқауының финалы Сальвадорда өткен. Келесі жылы бұл байқау Мексикада өтеді деп жоспарланған.

"Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы
"Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы. Фото: Vivas/Getty Images

Айта кетейік, "Ғалам аруы" байқауына Қазақстан атынан Қазақстан атынан Miss Almaty-2022 және Vice Miss Qazaqstan-2022 Томирис Зайыр қатысқан еді. Томиристің ұлттық киімін қырғызстандық дизайнер Арзубек Аманов тіккен.

Дизайнердің айтуынша, бас киімін әдеттегі сәукеле немесе кимешек емес, өзгеше форматта жасауға тырысқан. Осылайша, Қазақстан символикасының бірі саналатын бүркіт образы таңдалған.

"Ғалам аруы" байқауының биылғы жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.