Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Ирландияда жоғалған мысық төрт жылдан кейін басқа елден табылды

Опубликовано:

Жоғалған мысық
4 жылдан кейін табылған мысық. Фото: azertag.az

Блуберри есімді қара мысық 2019 жылдың қараша айында жоғалып кеткен. Алайда жоғалып кеткен ол биыл ақпан айының басында күтпеген жерден Ирландия Республикасының батысындағы Голуэй округінен табылды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған АЗЕРТАДЖ басылымы.

Басылым мәліметінше, мысық Солтүстік Ирландияның солтүстігіндегі Даун округінің Бангор қаласында, Смиттер отбасында өмір сүрген.

Жоғалған мысықты Мойкуллен ауылының тұрғыны көріп қалған. Ол SuperValu супермаркетін жағалап жүрген. Мысық аурушаң болып көрінгендіктен, ер адам оны жергілікті мал дәрігеріне апарады. Оның мысық тұмауымен ауырып жүргені белгілі болды. Қолайсыздық пен ауруға қарамастан, ол өзіне назар аударғандарына қатты қуанады. Ветеринарлар мысықтан микрочип тапқанымен, ирландиялық үй жануарлары базасындағы іздеу нәтиже бермеді.

Содан кейін ветеринарлар Еуропаның 26 ​​елін қамтитын Europetnet мәліметтер базасын іздеп, Ұлыбританиядан сәйкестік табады. Олар мысықтың аты Блуберри екенін, жасы 10-да екенін, оның осыдан төрт жыл бұрын жоғалып кетіп, 240 шақырым жол жүріп, мемлекеттік шекарадан өткенін білген.

Смиттер қоңырау күтпеген. Ханна Смит Belfast Telegraph-қа берген сұхбатында: Біз оның жоғалып кеткеніне мойынсұнып едік, бірақ кенеттен анама оңтүстіктен біреу қоңырау шалды", - деді.

Ханна мен оның ата-анасы бұл қуанышты жаңалыққа не сенерін, не сенбесін білмеген. Смиттер мысықты үйлеріне алып кетті. Айтуларынша, ол үй иелерін бірден танып, аяқтарына оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062031-soltustik-irlandiyada-zogalgan-mysyq-tort-zyldan-keiin-basqa-elden-tabyldy/

pixel