Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз өнімдерінен кокиль, шортан уылдырығы қосылған көксерке: Қазанда президенттерге қандай тағамдар ұсынылды

Опубликовано:

Президенттер
Президенттер "Болашақтың ойындары" турнирінде. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Желіде президенттерге арналған ас мәзірінің фотосы жарияланды. Бұл туралы Беларусь президентінің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президенттерге арналған мәзірдің фотосы Беларусь президенті Александр Лукашенконың баспасөз қызметінің Telegram-дағы Пул Первого арнасында жарияланды.

Онда: "Президенттер түнге қарай қалай тамақтанады?" - деп жазылған.

Мәзірде теңіз шаяны, авокадо қосылып ханбалықтан жасалған тартар, теңіз өнімдерінен кокиль, қақталған қаз еті мен асқабақтан жасалған езбе көже, қара жемісті шетен қосып әзірленген шербет, картоп кремі, кәді мен шортанның уылдырығы қосылып пісірілген көксерке балығы немесе көкөніс қосылған қозының сирағы, ванильді балмұздақ қосылған алма бәліші және татар тәттілері ұсынылған.

Суреттен бұл Қазан қаласындағы "Қазан Экспо" көрме орталығында ұсынылатын тағам мәзірі екенін байқауға болады.

Айта кетейік, Қазанда қазір "Болашақтың ойындары" мультиспортты халықаралық турнирі өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапары барысында халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысып, Ресей президентіне алғыс айтып, бұл бірегей сипаттағы шара екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2062352-teniz-onimderinen-kokil-sortan-uyldyrygy-qosylgan-kokserke-qazanda-prezidentterge-qandai-tagamdar-usynyldy/

pixel