jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

WhatsApp мессенджерінде жаңа функциялар пайда болды

WhatsApp қолданбасына компьютер арқылы кіру
WhatsApp қолбанбасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

WhatsApp-та мәтінді форматтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді қолданушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ерекшелей алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәтінді өзгертуге қатысты мәліметтер мен нұсқаулар компанияның ресми хабарламасында жарияланған. Жаңа мәтінді пішімдеу тек Android, iOS және WhatsApp веб-платформаларында қолжетімді екені атап өтілді.

Жаңа фунцкиялар:

  • Мәтінді курсивпен ерекшелеу үшін мәтіннің екі жағынан астын сызу белгісін пайдаланыңыз:

_мәтін_

  • Мәтінді қалың етіп ерекшелеу үшін мәтіннің екі жағынан жұлдызша қойыңыз:

*мәтін*

  • Мәтінді енді бір қаріппен ерекшелеу үшін мәтіннің екі жағынан үш теріс апостроф қойыңыз:

```мәтін```

  • Хабарламаға таңбаланған тізімді қосу үшін әр сөздің немесе сөйлемнің алдына жұлдызша немесе дефис пен бос орын қойыңыз:

* мәтін

* мәтін

немесе

- мәтін

-мәтін

  • Хабарламаға нөмірленген тізімді қосу үшін мәтіннің әр жолының алдына нөмір, нүкте және бос орын қойыңыз:

1. Мәтін

2. Мәтін

Хабарламаға нөмірленген тізімді қосу үшін мәтіннің әр жолының алдына нөмір, нүкте және бос орын қойыңыз:

  • Хабарламаға дәйексөз қосу үшін мәтіннің алдына бұрыштық жақша мен бос орын қойыңыз:

> мәтін

  • Хабарламаға кіріктірілген кодты қосу үшін хабарламаның екі жағынан теріс штрих қойыңыз:

`мәтін'

Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, WhatsApp - ақысыз хабар алмасу және қоңырау шалу қолданбасы. Әлемдегі кез келген телефонда қолжетімді.

WhatsApp қосымшасы SMS-ке балама ретінде ойластырылған. Бүгінгі таңда қызмет деректерді әртүрлі форматта жіберуді және алуды қолдайды: хабарламалар, фотосуреттер, видеолар, құжаттар, геопозиция және аудиоқоңыраулар.

WhatsApp-ты жасаушылар: Брайан Эктон және Ян Кум. 2014 жылы WhatsApp Facebook құрамына кірді.

WhatsApp мессенджерінде жаңа функциялар пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.