Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат қанша уақытқа созылады: психолог ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берді

Опубликовано:

Жағалаудағы жұп
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адам жаныңа жақын екенін қалай аңғаруға болады? Ол көзге шөп салғанын мойындаса, не істеу керек? Жалғыз ілік бақытты болу мүмкіндігі бар ма? KAZ.NUR.KZ психолог Сания Бектұрғаннан ең маңызды сұрақтардың жауабын білді.

1-сұрақ

Көңіл жарастырған адам тағдырыңдағы басты адам екенін қалай түсінуге болады? Бұл шынымен сіздің жартыңыз екенін қандай критерийлер бойынша анықтауға болады? Қарым-қатынас енді ғана басталып жатқан адаммен маңызды болашақ құруға тырысу керек пе?

Психолог жауабы: ‌

Ең алдымен бұл түйсікке байланысты. Менің немесе менің адамым емес дейтін нақты алгоритм жоқ, бәрі де әр жағдайда әрқалай. Сіз бұл адамға қызық болсаңыз, сізге онымен бірге уақыт өткізу қызық болса, онда бірге болыңыз! Сіз тырысып көрмесеңіз, алдын ала ештеңе біле алмайсыз.

2-сұрақ

Ер адамдармен қарым-қатынас моделін қалай қайта құру керек? Мен әрқашан қарым-қатынасты сақтап қалу үшін ер адамның қалауын орындауға мәжбүрмін. Ал өз қалауымды орындатуға батылым жоқ. Оның өмірлік қағидатына жұмылып кетемін, бірақ кейде мені пайдаланып жүр деген ойлар келеді.

Психолог жауабы: ‌

Қарым-қатынасты жұптың бір сыңары өз бетінше құтқара алмайды, мұнда екі жақтың да қызығушылығы болуы керек. Егер бір сыңары көбірек тырысып, өзін "құтқарушы" сезінсе, мұндай қарым-қатынастар ұзаққа бармайды.

Мәселені өз бетінше шешілмейтінін аңғарсақ, психотерапевке жүгіну керек. Әрбір алдыңғы қадамды кейінгі қадаммен байланыстыра берудің қажеті жоқ. Әрбір жаңа қарым-қатынас – мүлдем басқа ара-қатынас екенін түсіну керек. Сіз де өзгесіз, серіктес те өзге, уақыт та басқа – бәрі басқа.

Кофе мен шарф
Кофе, шарф және жүрек салынған ашықхат. Көрнекі сурет: pixabay

3-сұрақ

Егер ер адам опасыздық жасағанын мойындаса немесе мен оны өзім әшкерелесем, бірінші кезекте не істеуім керек? Соңына дейін кешіре аламын ба, білмеймін, бірақ мен оны жоғалтқым келмейді.‌

Психолог жауабы: ‌

Опасыздықты әркім әрқалай түсінеді. Кейбіреулер үшін әлеуметтік желілердегі қарапайым лайк басудың өзін сатқындық деп қабылданады, ал басқалары үшін серіктес басқа адаммен бірге тұрса да, қабылданады, тіпті өзге нұсқаларды байқап көріп, түбінде оралады дейтіндер бар.

Кез келген опасыздық – адамның саналы таңдауы. Опасыздықтан кейін, егер адам өзі мойындаған болса, онда мұндай қарым-қатынасты сақтау екіталай, өйткені адам өз таңдауын жасады. Егер сіз оны әшкерелеген болсаңыз, онда сіз өзіңізге сұрақ қоюыңыз керек: бұл енді ешқашан қайталанбайды дегенге сенесіз бе?

4-сұрақ

Махаббат үш жылға ғана болатыны рас па? Сонда өмір-бақи созылатын махаббат кітаптарда ғана болғаны ма?

Психолог жауабы: ‌

Жоқ. Махаббат – алдымен құмарлық: бауыр басу, білу, таңдану, серіктеске таңдану, тәнті болу. Содан кейін құмарлық басылады, бәрі қарапайым, таныс болады. Бұл кезең шамамен үш жылға созылады, сондықтан бұл осылай қабылданып кеткен сөз деуге болады.

Шын мәнінде, қарым-қатынаста екі серіктестің де ақыл-ойы өседі, олардың құндылықтары, қалаулары, көзқарастары өзгереді және жылдар өткен сайын сол махаббат одан да күшейе түсуі мүмкін. Сосын бұл нағыз сезім болады: серіктестер қабылдайды және бұрынғыдай шын жүректен таңданады, бір-біріне таңғалады, бірақ сонымен бірге әркім өз серіктесінің барлық кемшілігін білетін болады.

5‌-сұрақ

Ер адамдар табиғатынан полигамды болатыны рас па? Бұл рас болса, ер адамның бәрі көзге шөп салатыны рас па?

Психолог жауабы: ‌

Жоқ, бәрі емес. Полигамды болу – стереотип. Ал кез келген стереотипті бұзуға болады. Ерлердің полигамды болуы – миф. Белгілі бір адамда репродуктивті немесе неке стратегиясын таңдау биологиялық факторларға байланысты емес.

6‌-сұрақ

Барлығы ұзақ әрі бақытты қарым-қатынастың кілті – сау қарым-қатынас пен диалог деп жатады. Бірақ аға буындардың мысалына сүйенсек, ренжімеген және күйеуіне ерекше қарамаған әйелдер ұзақ жылдар бойы, тіпті өмірінің соңына дейін некеде өмір сүрген. Қазір болмашы жанжал кезінде де ажырасуға өтініш беріледі. Сонда бақытты өмірді қаласаң, кейде үнсіз қалып отыру керек пе?

Психолог жауабы: ‌

Ұзақ және бақытты қарым-қатынастың кілті – салауатты қарым-қатынас пен диалог. Бұл рас. Аға буын туралы айтар болсақ: ұзақ өмір сүру бақытты өмір сүру деген сөз емес. Бірақ егер ерлі-зайыпты болмашы жанжалға бола ажырасуға өтініш берсе, онда бұл сау қарым-қатынас пен диалог деген сөз емес. Мұнда диалог пен байланыс жоқ. Салауатты қарым-қатынаста серіктестердің әрқайсы үндемеу керек пе, жоқ па, қашан және не үшін үндемеу керектігін өзі шешеді. Бірақ диалог болуға тиіс.

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
Иллюстрациялық сурет: "Егемен Қазақстан" газеті

7‌-сұрақ

Ал жалғыз қалып-ақ бақытты болуға мүмкіндік бар дейтін сөздер рас па? Не істеу керек?

Психолог жауабы: ‌

Болады. Әр адам бақытты болу үшін не қажет екенін өзі шешеді. Жалғыздық ұғымы екіұшты. Біреу әлемде танымал болуы мүмкін, бірақ ішкі жалғыздықты сезінеді. Ал біреу үшін жалғыздық – мүлдем байланыссыз жалғыз қалу.

8-сұрақ

Ер адам алыстап бара жатқанын сезсең, оның қызығушылығын қалай ояту керек?

Психолог жауабы: ‌

Бұл бір емес, әрқилы екі сұрақ. Егер ер адам алыстап кетсе, көптеген себеп болуы мүмкін. Бірақ егер себеп шынымен сізден болса, сіз күштеп қызығушылық туғыза алмайсыз. Сіз өзіңіздің қызығушылығыңыз болған кезде ғана ер адамыңыздың қызығушылығын оята аласыз, сіз өзіңізбен бірге болуға ыңғайлы боласыз, сіз бір нәрсеге құмарсыз, ешкімнің пікіріне тәуелді емессіз. Міне, осы кезде өзгеге де қызық бола түсесіз.

9‌-сұрақ

Ер адаммен алғашқы таныстық кезінде психология мен жүріс-тұрыс тұрғысынан не нәрсеге назар аудару керек? Бірден тартынатын белгілі бір белгілер бар ма?

Психолог жауабы: ‌

‌Әр жағдайды жеке алып қарастыру керек. Психологиялық тұрғыдан сіз өзіңіздің және сізбен қарым-қатынас сұхбаттасушыға қаншалықты қызықты екеніне назар аудара аласыз. Мұның бәрі оның позаларынан, қимылдарынан, мимикасынан, әрекеттерінен көрінеді.

Қарым-қатынас мәселесі әрқашан жұртқа қызық, өйткені бұл біздің өміріміздің негізгі компоненттерінің бірі. Бұл сұрақтар мен жауаптар сіздің мәселеңізді шешпеуі мүмкін, бірақ қарым-қатынасты жақсартуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2085368-maxabbat-qansa-uaqytqa-sozylady-psixolog-el-kokeiindegi-suraqtarga-zauap-berdi/

pixel