Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТikTok қауымдастық ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету туралы есебін жариялады

Опубликовано:

Тикток логотипі
Тикток логотипі. Көрнекі фото: Budrul Chukrut / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

ТikTok желісіндегі қауымдастық ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету туралы есеп жарияланды. Платформа өсіп жатқандықтан, қауымдастық сенімді қауіпсіздік стратегияларын жүзеге асыруға басты назар аударады.

Ережелерді айналып өтудің жаңадан шығып жатқан жолдарын дереу қолға алған. Оған қоса, ережелерді бұзатын контент пен аккаунттарды проактивті және тиісті түрде жойылады. Ашықтық мақсатында біз енді видеоларды жоймай тұрып олардың қанша рет қаралғаны туралы мәлімет көрсетіледі.

"Израиль-Хамас соғысы. 2023 жылдың 7 қазанында Израиль мен Хамас арасындағы соғыс басталғалы бері біз қауымдастықты қорғау бойынша кеңейтілген іс-шаралар, соның ішінде маңызды ресурстар мен қызметкерлерді жұмылдыру, өнім функцияларын ұсыну және сарапшылармен бірге жұмыс істеу бойынша жаңартуларды тұрақты түрде жариялап отырдық.

Біз қызмет ететін қауымдастықтардың алдында жұмысымыздың тиімділігі туралы есеп беріп отырдық, атап айтқанда, контентті жою туралы ақпаратты мерзімді түрде жариялап отырдық. 2023 жылдың аяғында соғыс басталғаннан бері біз Қауымдастық ережелерімізді бұзғаны үшін, соның ішінде Хамасты, ғадауат тілін, терроризмді және жалған ақпаратты насихаттайтын контент үшін Израиль мен Палестинада 1,5 миллионнан астам видеоны жойдық және 46 000-нан астам тікелей трансляцияны тоқтаттық.

Сондай-ақ алаяқтық мінез-құлыққа сақтықпен қараймыз. 2023 жылдың 7 қазанынан бастап жыл соңына дейінгі аралықта біз әлем бойынша 169 миллионнан астам жасанды аккаунтты жойдық және соғысқа қатысты хэштегтері бар контенттен 1,2 миллионнан астам бот пікірді жойдық", - делінген қауымдастық хабарламасында.

Жарияланған видеоларды жою және тікелей трансляцияларды тоқтату

Жарияланған видеоларды жою рейтингісі
Жарияланған видеоларды жою рейтингісі: қауымдастық

Жою рейтингтері, көру үлестірілімі және шағымға жауап беру уақыты

Видеоны жою бойынша рейтинг
Видеоны жою бойынша рейтинг: Қауымдастық

Жою әрекеттерінің саясаттар бойынша үлестірілімі

Видеоны қандай мақсатта жойылғаны туралы ақпарат
Видеоны қандай мақсатта жойылғаны туралы ақпарат: Қауымдастық

Платформа қауіпсіздігі

Ғаламдық қауымдастықтың қауіпсіздігін сақтау басты міндет, дейді қауымдастық өкілдері. Олар жаңа іс-шараларды әзірлеу кезінде біз платформа қауіпсіздігін белсенді түрде қамтамасыз етуді және қорғауды бірінші орынға қоятынын мәлім етті.

Мыналарға тыйым салынады: (1) TikTok-тың кез келген бөлігіне рұқсат етілмеген әдістермен кіру; (2) құпия, коммерциялық немесе жеке ақпаратты алуға талпыну; немесе (3) платформада қауіпсіздік, тұтастық немесе сенімділікті теріс пайдалану.

"Ішкі қорғанысты нығайту және сынақтан өткізу үшін біз осалдықты анықтағаны үшін марапаттау бойынша ғаламдық бағдарлама жөнінде HackerOne ұйымымен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Бұл бағдарлама қауіпсіздік зерттеушілерін қауіпсіздік осалдықтары туралы проактивті түрде хабарлауға ынталандырып, бізге мұндай осалдықтарды түзетуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың төртінші тоқсанында Осалдықты анықтағаны үшін марапаттау бойынша HackerOne бағдарламасының арқасында 36 шағым өңделді және шағым иелеріне $87 000 астам мөлшерде сыйақы берілді. Сондай-ақ TikTok HackerOne ұйымының Ambassador World Cup іс-шарасына қатысты. Бұл нақты уақыт режиміндегі хакерлік іс-шараға біздің қорғаныс жүйелерімізді тексеру үшін бүкіл әлемдегі үздік этикалық хакерлер шақырылған болатын", - дейді қауымдастық өкілдері.

Платформа қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардан бөлек қауымдастықтың желідегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болатынын және TikTok қауіпсіздік пен құпиялылық үшін қандай құралдар мен мүмкіндіктерді ұсынатыны да үйретіледі.

Қауымдастық 2023 жылғы төртінші тоқсанында TikTok туралы фактілер сериясын көрсетті. Онда жекелендірілген жарнама құралдары туралы кең таралған мәлімдемелерді жоққа шығарып, TikTok-тағы қауіпсіздік және құпиялылық туралы маңызды ақпаратты көрсету үшін қауымдастықпен ресурстары көрстеліген.

Спам және жасанды белсенділік

"Біз сыртқы қауіп-қатерлерді анықтау және платформаны жасанды аккаунттар мен белсенділіктен қорғау бойынша іс-шаралар барысында сақтық танытамыз. Мұндай қауіп-қатерлер біздің жүйелерімізді үнемі зерттеп, шабуыл жасап отырады. Бұл өз кезегінде осы салалардағы көрсеткіштердің кей-кейде ауытқып тұруына әкеледі. Соған қарамастан біз платформадағы танымалдылығын жасанды түрде арттыруға ұмтылған аккаунттарды, контентті немесе іс-әрекеттерді әрдайым дереу анықтап, жоюға тырысамыз. 2023 жылдың төртінші тоқсанында жасанды белсенділіктің кейбір көрсеткіштерінің өскені байқалды (төмендегі диаграммаларды қараңыз). Біздің спам анықтау жүйелеріміз ойдағыдай жұмыс істеген болатын, атап айтқанда, платформа тұтастығының бүлінбейтініне көз жеткізе отырып, күдікті аккаунттар мен контентті дәл анықтап, жойды", - делінген қауымдастық хабарламасында.

Спам және жасанды белсенділік
Спам және жасанды белсенділік бойынша рейтинг: қауымдастық

Жарнама

Қауымдастық мәліметінше, жарнама беруші аккаунттары және жарнамалық контент Қауымдастық ережелеріне, Жарнама саясаттарына және Пайдалану шарттарына сай келуі керек. TikTok қауымдастықты жасанды, алаяқтық немесе жаңылыстырушы жарнамалық контенттен қорғау үшін қатаң саясаттарды қолданады.

"Пайдаланушылардың және жарнама берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — үнемі біздің мойнымызда болатын міндеттеме. 2023 жылдың төртінші тоқсанында жарнама саясаттарын бұзғаны үшін жойылған жарнамалардың көлемі артып, аккаунт деңгейіндегі іс-әрекеттер негізінде жойылған жарнамалар көлемі азайды. Біз жүйелерімізді үздіксіз тексеріп және жетілдіріп отырамыз. Бұл жаңа заңдылықтарды анықтап, саясаттарымызды бұзатын жарнамаларды жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік береді. Қатаң саясаттарды ұстану, озық анықтау механизмдерін пайдалану және жүйелерді үздіксіз жетілдіру арқылы біз сенімді, қызықты және екпінді TikTok қауымдастығымыздың құндылықтарына сәйкес келетін жарнама тәжірибесін қамтамасыз етуге тырысамыз", - дейді олар.

Жарнама саясатының орындалуын қамтамасыз ету

Жарнама саясатының орындалуын қамтамасыз ету
Жарнама саясатының орындалуын қамтамасыз ету бойынша рейтинг: Қауымдастық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2089100-tiktok-qauymdastyq-erezelerinin-oryndaluyn-qamtamasyz-etu-turaly-esebin-zariyalady/

pixel