jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Индонезияда алып питон 50 жастағы әйелді жұтып қойды

Питон
Питон. Көрнекі фото: pixabay.com

Индонезияда алып питон 50 жастағы әйелді жұтып қойды. Марқұм жыланның асқазанынан бір күннен кейін табылған, деп жазады BBC.

Басылым мәліметінше, төрт баланың анасы, Калемпанг ауылының тұрғыны Фарида үй маңындағы орманда жоғалып кеткен. Ол бақшасындағы көкөністерді сату үшін базарға бара жатқан.

Түнде Фарида үйге оралмаған соң күйеуі уайымдап, көршілерімен бірге оны іздеуге кіріседі. Ал келесі күні олар бұталардың арасынан іші үлкейген алты метрлік алып питонды көреді. Ауыл тұрғындары жыланның қалың терісін кесіп, әйелді оның асқазанынан табады.

Фариданың күйеуі Нони әйелін базарға жалғыз жібергеніне өкініп отыр.

"Егер оның қасында болсам, питон жақындамас еді. Қалай қиналғанын елестете де алмаймын", - деді ол.

Калемпанг ауылының ақсақалы питонның асқазанынан құрбанды алып шығуға бірнеше ауылдың тұрғыны көмектескенін айтты.

Индонезияда алып питон 50 жастағы әйелді жұтып қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.