Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егіздер серіктес табады, Таразылар білім алады: 2025 жылдың қаңтарына арналған жұлдыз жорамал

Жарияланған күні:

Қар үрлеген қыз
Қолындағы қарды үрлеп тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жыл басындағы кіші планеталар шеруі — ғаламдық өзгерістер уақыты. Қиындықтарды еңсергеннен кейін белгі өкілдері сыйлықтарға ие болады. Қаңтарда кімді сәттілік күтетінін астролог Беджан Дарувалла айтып берді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 2025 жылдың қаңтар айы ғаламдық өзгерістер уақыты болады, кіші планеталар шеруі өтеді.
  • Астролог Беджан Дарувалланың айтуынша, қаңтар айында көптеген зодиак белгісі үшін қаржылық табыс, жаңа мүмкіндіктер және жеке даму кезеңі болады.
  • Әр белгі үшін қарым-қатынас, мансап және денсаулық бойынша нақты болжамдар берілген, мысалы Егіздер серіктес табады, ал Таразылар білім алуға көңіл бөледі.

Тоқты

3 қаңтарда Марс пен Плутонның оппозициясы кикілжіңнің шарықтау шегіне жеткізеді. Бұл күні дау-дамайдан аулақ болыңыз және қарым-қатынастарды анықтауға тырыспаңыз. 18 қаңтарда Нептун, Сатурн, Марс, Шолпан, Юпитер және Уранның бір қатарға тізіліп, кіші планеталар шеруі өтеді. Бұл ойларыңыз бен сезімдеріңізге әсер етеді.

Астролог Беджан Дарувалланың айтуынша, қаңтар айында Тоқтыны тұрақты табыс күтіп тұр. Қомақты төлем немесе сыйлық алу мүмкіндігі бар. Жаңа жұмысқа ауысу ықтималдығы жоғары. Бәсекелестік болған жағдайларда жеңіске жетесіз. Достарыңыздың қолдауымен жаңа бастамаларға кірісіңіз. Қарым-қатынаста сезімдеріңізді бақылауда ұстап, оны дұрыс бағытқа бағыттаңыз.

Торпақ

Pandit астрологиялық басылымының мәліметінше, қаңтар айы Торпақ үшін қаржылық жағынан қолайлы кезең. Өзіңізге деген сенімділік пен батылдық — табыстың негізі. Әріптестермен келіспеушіліктерден аулақ болыңыз. Іссапарлар аса пайда әкелмейді. Қол еңбегімен айналысатындар сәттілікке жетеді. Емтихандарды сәтті тапсыру үшін қосымша дайындық қажет.

Қатынаста сенімсіздікке байланысты түсініспеушілік болуы мүмкін. Кикілжіңнен сақтану үшін ашық сөйлесіп, сенімді қалпына келтіріңіз. Денсаулығыңызға назар аударыңыз, сапарлар мен саяхаттар кезінде жарақат алу қаупі жоғары.

Егіздер

Elle сән журналының мәліметінше, қарым-қатынасқа жұмсалған уақыт, күш-қуат және қаржы Егіздерді мақсаттарына жақындатады. Ынтымақта болуға ұмтылыңыз және сүйікті адамыңыздың бастамаларын қолдаңыз. Ортақ істер сезім мен сенімді нығайтады.

Бизнестегі серіктеспен, әріптестермен және достармен бірлескен жобалар өз нәтижесін береді. Алайда 8 қаңтарға дейін олардың егжей-тегжейін бөгде адамдармен талқылаудан аулақ болыңыз. Оқу және даму үшін 27-29 қаңтар қолайлы күндер, бұл уақытта басқа адамдардың жаңа ойлау жүйесін, мәдениетін және дүниетанымын түсінуге мүмкіндік болады.

Кеңесіп тұрған әріптестер
Жұмыс барысын ақылдасқан әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаян

Russh сән журналының жазуынша, 24 ақпанға дейін созылатын ретроградтық Марс Шаян белгісінде болып, шынайы тілектер мен қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ішкі қайшылықтар энергияны дамуға және өмірді қайта бағалауға бағыттайды. Жаңа жобаларды қолға алып, талантыңызды көрсетіңіз. Қаражатты ұтымды жұмсау қаңтарды жайлы айға айналдырады.

14 қаңтардағы Шаян белгісіндегі толық Ай спорт клубына жазылып, пилатеспен айналысуға таптырмас уақыт саналады. Бір ай бойы сүйікті тағамдарыңызды дайындаңыз, бұл денсаулығыңызды нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Арыстан

Medium әлеуметтік басылымының мәліметінше, 2025 жылдың басы Арыстандарға жеңіл әрі қуатты энергия сыйлайды. 5 қаңтардағы Күн мен Сатурнның қолайлы аспектісі жаңа жобаны іске асыруға тамаша мүмкіндік береді. Шығармашылыққа қатысты шешімдерге көңіл бөліп, бұл айдың энергиясынан ләззат алыңыз. Романтикалық қарым-қатынас орнатқан жандар сезім толқынын сезінеді.

Ал бойдақ жүрген Арыстандар танысуға және романтикалық мүмкіндіктерге ашық болады. Керемет көңіл-күй, жақсы әсерлер жаңа серігіңізді ғана емес, денсаулықты да нығайтады.

Бикеш

Астрологтар Тали және Офира Эдуттың пікірінше, 11 қаңтарда Солтүстік түйін Балықтар белгісіне және серіктестік аймағына ауысқанда Бикештерді үйлесімді байланыстар қызықтырады. Бизнесте, махаббат әлемінде немесе шығармашылық одақтарда жақын қарым-қатынастарды дамыту өмір сапасын жақсартып, жеке жетістіктерді арттырады.

8 қаңтардан бастап Меркурий Тауешкі белгісіне ауысқанда жоспар құруға және оны бақылауға уақыт бөліңіз. Ескі әдеттерден арылып, дамудың жаңа кезеңін бастаңыз. Спортпен шұғылдану, ұйқы режимін сақтау және дұрыс тамақтану денсаулықты нығайтады.

Спортпен айналысқан бала
Қысқы спорт түрімен айналысатын бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразы

Қаңтар — білім алуға және қарым-қатынас орнатуға арналған кезең. Бұл көкжиегіңізді кеңейтіп, мансап жолындағы дамуыңызға және қолдаушылар табуға серпін береді. Бұл ай нетворкингке, тәжірибеге және оқуға қолайлы. Жеке дамуға инвестиция салыңыз және арманыңызды жүзеге асыру үшін қаржы жинаңыз.

Романтикалық қарым-қатынас терең әрі мағыналы әңгімелермен өрбиді. Бойдақ жүрген Таразыларды олардың интеллектін ынталандыратын адамдар қызықтырады. Ой-өрісті кітап оқу және басқатырғыштарды шешу арқылы дамытыңыз. Бұл іш пыстыру мен жаман көңіл-күйден арылуға көмектеседі.

Сарышаян

3 қаңтардағы Марс пен Сарышаянның басқарушысы Плутон арасындағы оппозиция сізді қиындықтарға қарсы тұруға және жинақталуға мәжбүр етеді. Эмоциялық ауыртпалықтан арылыңыз, бұл жаңа бастамаларға мүмкіндік есігін ашып, қуаныш пен жаңару әкеледі. Кәсіби салада жаңа тәжірибе жасауға қорықпаңыз. Жұмысыңызды ауыстыру немесе жоғарылау мүмкіндігі болуы мүмкін.

Қарым-қатынаста реніштер мен бұрынғы сүйіктіңізді жүректен босатып жіберуді үйреніңіз. Жұптасқан Сарышаяндар бір-бірін кешіре білуге үйренеді. Ал бойдақ жүргендер жаңа қатынасты бастамас бұрын өзін-өзі емдеуге және жеке дамуға күш салады.

Мерген

Қаңтар айы Мергеннің жеке және кәсіби байланыстарын нығайтады. Ынтымақтастық және командамен жұмысқа басымдық беріңіз. Шығындарды азайту және бюджетті жоспарлау жолдарын қарастырыңыз. 31 қаңтарда Күн мен Юпитер арасындағы үштік оптимизм шабыт және қаржылық сыйлықтар әкеледі.

Қарым-қатынаста рухани байланыстарды нығайтыңыз. Бойдақ жүрген Мергендер өз құндылықтарына сай серіктес табады. Теңдестірілген өмір салтын ұстануға назар аударыңыз: тұрақты жаттығулар, құнарлы тамақтану және саналы релаксация әдістері денсаулық пен әл-ауқатыңызды жақсартады.

Кофе және қыздың қолы
Кофе ішуге келген қыздың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкі

Қаңтар айы Тауешкілер үшін жарқырап, тағдырына жауапкершілік алатын кезең. Мақсаттар мен амбициялар айқындалып, жеке даму мүмкіндігі туады. Ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар қойып, жинақтауды бастауға және есеппен әрі түйсігіңізге сүйене отырып инвестициялауға қолайлы уақыт.

Қарым-қатынастағы адамдар үшін эмоциялық байланысты тереңдету мүмкіндігі бар. Ал бойдақ жүрген Тауешкілер өз өмірінің махаббатына айналатын адаммен достықтан басталған таныстық орнатуы мүмкін. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Бұл үшін жеке фитнес бағдарламасы үлкен көмек болады.

Суқұйғыш

Қаңтар айы Суқұйғышқа еркіндік пен шығармашылық энергия сыйлайды. Бұл ай өз жолыңызды таңдап, өзгелерден ерекшеленуге арналмақ. Егер тәуекелге барып, инновациялық шешімдерді сынап көрсеңіз, жұмыс пен қаржы саласында табысқа жетесіз. Позитивті көзқарасты сақтап, байланыс аясын кеңейтіңіз, әріптестер мен басшылыққа ықпалыңызды арттырыңыз.

Ұзақ уақыттан бері қарым-қатынаста жүргендер болашақ жоспарларын қайта қарайды. Ал жалғыз жүрген Суқұйғыштар жаңа таныстарын мінсіз адамға айналдыруы мүмкін. Сақ болыңыз, күйзеліске ұшырамау үшін абай болыңыз. 29 қаңтардағы Суқұйғыш белгісіндегі жаңа Ай денсаулықты жақсарту шараларын бастауға қолайлы уақыт болмақ.

Көл жағасындағы әйел
Көл жағасында тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

12 қаңтарда Кармалық Солтүстік түйін Балықтар белгісіне өтеді. Бұл ескі әдеттерден арылып, жаңа идеяларға жол ашады. 8 қаңтардан бастап табыстың жаңа көзі пайда болуы мүмкін. Мансап жолында өсу мүмкіндігін іздеңіз. Қаржылық тұрғыдан алғанда қаңтар айы ірі инвестициялар мен шығындарға қолайлы емес.

Қарым-қатынаста өз қажеттіліктеріңізді ұмытпаңыз. Бойдақ жүрген Балықтар махаббатты аңсайды. Егер өткен қарым-қатынастың дертінен айыға алсаңыз, жүрегіңізді ашып, жаңа сезімге жол таба аласыз. Рухани тәжірибелерді қолданып, денсаулығыңызды нығайтыңыз және күш-қуатыңызды қалпына келтіріңіз.

Қаңтар — жаңа жолдың бастау айы. Көптеген белгі өкілі бұл айдың мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Жұлдыздардың нұсқауларын және өз талантыңызды пайдалана отырып, табыс пен өркендеуге ұмтылыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2207216-egizder-seriktes-tabady-tarazylar-bilim-alady-2025-zhyldyng-qangtaryna-arnalgan-zhuldyz-zhoramal/