Зектілері

Стамбұл алақандағыдай: жаңа Rixos Tersane орналасқан 600 жылдық тарихы бар ауданнан не көруге болады

Жарияланған күні:

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Туристер жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметтен бөлек ерекше атмосферасы бар, ұмытылмас эмоция сыйлайтын жерлерді іздейді. KAZ.NUR.KZ тілшісі Стамбұлдағы дәл осындай орындардың бірі – жақында ашылған Rixos Tersane Istanbul қонақүйінде болып қайтты. Алтын мүйіз шығанағының жағасында орын тепкен қонақүйден қайықпен серуендеу, жақын маңдағы аудандарды жаяу аралау кез келген жанды таңғалдырмай қоймайды.

Rixos Tersane Istanbul қонақ үйінің босағасын аттаған сәттен-ақ, ерекше жерде тұрғаныңды сезінесің. Мұнда Стамбұлдың тарихи орталығына көз жүгіртуге болады, ескі қала, әйгілі мешіттер мен мұнаралар, сарайлар аңызға айналған шығанақтың су айдынында шағылысады. Әсіресе кешкі уақытта қала шамдары жанып, Стамбұл нағыз сиқыр мен романтика атмосферасына оранады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Қонақ үйдің қазақстандық туристер жоғары бағалайтын ерекшеліктерінің бірі — оның жағалауда орналасуы. Қонақтар тек шығанақ бойымен серуендеп қана қоймай, қонақүйге жеке қайықпен келу мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл эксклюзивті ұсыныс Стамбұлдағы бес жұлдызды қонақ үйлердің көбінде жоқ, сондықтан бұдан бас тарту қате болар еді. Жақындарын қуантқысы келген туристер үшін бірге қайықпен серуенге шығу таптырмас идея.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Сондай-ақ қонақтарды Discovery Routes деп аталатын ерекше шара күтеді — ол Стамбұлдың атмосферасы мен мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік беретін мұқият ойластырылған экскурсиялар.

Rixos Tersane Istanbul қонақ үйінің басқарушы директоры Четин Пехливанның айтуынша, Стамбұлдағы туристік индустрияның болашағы дәл осы бағытпен байланысты — қонақтар тек қаланы аралап көрумен шектелмей, оның ритмін сезініп, жергілікті тұрғындарымен танысып, құпиясын білуді қалайды.

Rixos Tersane Istanbul қонақтар не қаласа, соны тауып бере алады, мұнда сән-салтанат пен шынайылық үйлесім тапқан ерекше маршруттар ұсынылады. Гидпен тарихи аудандарға серуен, айрықша гастрономиялық ұсыныстар және мәдени шаралар әр сапарды нағыз танымдық саяхатқа айналдырады. Қонақүй заманауи саяхатшылардың барлық қалауына сәйкес жаңа әсер ұсына отырып, Стамбұлдың қайталанбас рухы мен сиқырын сақтап қалуды мақсат тұтады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Бұл жерден қаладағы ең танымал тарихи орындарға жаяу жетуге болады. Атақты Фенер және Балат аудандарында серуендеу кімге де болса ерекше әсер ететіні анық – тарих тұнып тұрған ескі көшелері, түрлі-түсті етіп боялған үйлері мен атмосфералы дәмханалары өзіне тартып тұрады. Ауданда Константинопольден қалған мұра әлі күнге сақталған, атап айтқанда, қасиетті Георгий кафедралды шіркеуі, Бүкіләлемдік патриарх резиденциясы және православ әлемінің рухани орталығы орналасқан. Бұл жерлерде Стамбұлдың ежелгі рухын сезініп, түрлі мәдениет пен діндердің атмосферасына енуге, сондай-ақ естелік суреттерге түсуге болады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Фенер ауданынан әйгілі грек православие лицейі — қызыл кірпіштен салынған көне ғимаратты көре аласыз. Оның ерекше сәулеті бұл лицейді Фенердің символына айналдырған, ол Стамбұлдың бай тарихын еске салады.

Маршруттағы тағы бір қызықты жер — Резан Хас мұражайы, онда қонақтарды көне артефактілер мен археологиялық табыстар таңғалдырады. Мұнда қала тарихымен танысып, бірнеше ғасыр бұрынғы өткенге сапар шегуге болады.

Тарихқа қызығушылығы бар жандар Топкапы сарайын — Осман империясы сұлтандарының ғажайып резиденциясын аралап, тамашалауына болады. Сарай өзінің сән-салтанатымен, жақсы сақталған интерьерлерімен және Осман империясының билеушілерінің қару-жарақтары, әшекейлер мен жеке заттарымен таңғалдырады.

Ескі қалада серуендеу де ұмытылмас әсер қалдырады: мұнда әйгілі Көк мешіт, Айя-София шығыс стиліндегі колорит пен жұмбақ атмосфераны ұсынады.

қонақүй
Фото: Rixos Tersane Istanbul

Галата мұнарасы, Бейоғлы көшелері және жайлы мейрамханалар мен сауда бутиктері орналасқан Қаракөй жағалауы — барлығы қонақ үйден бірнеше минуттық жерде. Осының арқасында Rixos Tersane Istanbul қазақстандық туристер үшін Стамбұлдың қыр-сырымен танысуға тамаша мүмкіндік береді. Қонақтар мәдени мұрадан бастап қазіргі заманғы трендтерге дейін танып, көңіл көтере алады.

Әрине, қазақстандық қонақтарға Гранд базарға бас сұқпай кету мүмкін емес, мұнда түрік елінен естелік сувенирлер, дәмдеуіштер мен тәттілер, әйгілі түрік кілемдерін сатып алуға болады. Шығыс базарын ұнататындарға тарих тұнған орында серуендеу ерекше әсер береді.

Осылайша, Rixos Tersane Istanbul қонақ үйіне таңдауы түскен қазақстандық туристер жайлы демалыспен қатар қаламен де асықпай таныса алады. Бұл қонақүй Стамбұлда жай ғана тоқтайтын жер емес, ұмытылмас саяхатты қалаған жандар үшін үлкен жаңалық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2229974-stambul-alaqandagydai-zhanga-rixos-tersane-ornalasqan-600-zhyldyq-tarihy-bar-audannan-ne-koruge-bolady/