jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бастапқыда түсінбедім": Алматы тұрғыны көшеде тауыс тауып алып, онымен не істерін білмей отыр (видео)

Тауыс
Тауыс. Фото: pixabay.com

Алматы тұрғыны оғаш жағдайға тап болды: ол көшеде тауыс құсын тауып алған. Ал зообақ әкімшілігі құжаты жоқ қанаттыны қабылдаудан бас тартыпты, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Алматы тұрғыны көшеден тауып алған тауыс құсын қалай асырау керек екенін білмей басы қатып отырғанын жасырмады.

"Зообақ бізде тауыс құсы жетеді, оның анализі бар, тағы басқасы бар, ақшасы көп болады деп рұқсат бермеді. Кімнің құсы, сол келіп алып кетсін. Бастапқыда қандай құс екенін түсінбедім. Үйге әкеліп, суын, азығын бердім", - дейді Алатау ауданының тұрғыны Нұрбол Бақытжан.

Тауыс көшедегі қаңғыған иттерге жем бола ма деп қорқамыз, дейді отбасы. Негізінен Африка мен Оңтүстік Азия елдерін мекен ететін құстың бұл түрі аса бір күтімді қажет етпейді екен.

Дегенмен зообақтағылар оны асырап алуға дайын емес екенін хабарлады. Өйткені аң, құс қабылдау көп қаражат пен уақытты қажет етеді. Хайуанаттар бағы оны "вакцинасыз қабылдай алмаймыз" деп отыр әрі тауыс құсы экзотикалық құстарға жатпайтындықтан, оны кез келген шаруашылықта асырай беруге болады деп кеңес берді.

Дереккөз: "КТК" арнасы

"Бастапқыда түсінбедім": Алматы тұрғыны көшеде тауыс тауып алып, онымен не істерін білмей отыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.