jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтөбе облысының тұрғыны өз қолымен трактор құрастырды (видео)

қолдан құрастырылған трактор
Қолдан құрастырылған трактор. Видеодан кадр: 24.kz

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны Жағыпар Қәдіров өз қолымен шағын трактор құрастырып шығарды. Әуесқой өнертапқыш төл техникасын жеке шаруашылығында пайдаланады, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, ырғыздық шеберді аудан халқы жақсы таниды. Автокөліктерін, тұрмыстық техникаларын жөндету үшін көбі Жағыпарға келіп жүгінеді. Ал шағын тракторды Жағыпар Қәдіров екі айдың ішінде жинап шыққан. Оны қалған-құтқан техника бөлшектерінен жасаған.

Мысалы, беріліс қорабы Луаз көлігінікі, ал жүк салғышын металдан өзі істеген.

"Шопандарға су тартатын, малды суаратын ертедегі моторлар. Бір цилиндр, бензин көп жемейді. Мысалы, 15-20 сиыр болса, бір қыстық шөпке 10 литрлік канистра бензин жарайды", - дейді ол.

Бұл трактор шебердің жалғыз туындысы емес. Жағыпар Қәдіров балық аулауға, аңшылыққа әуес. Сондықтан автоматты қармақ ойлап тапқан. Шағын мотор қармақты өз көтеріп түсіреді. Ілмектегі балықтың жем азығы қозғалып тұрады.

Өз қолымен жасаған электрлі ет турағышы да үй тұрымысында нағыз қажетті құрал.

"Негізі мен аңшылыққа құмармын. Хоббиім. Далаға көп шығам, сондықтан снегоход жасағым келді. Енді ол ойымда бар. Шынжырлы табанын жасау керек. Оған, әрине, ең бастысы мотор машинанікі, қалғаны "гусеница" түрлі темірден қолдан жасалуы керек", - дейді Ырғыз ауылының тұрғыны.

Жағыпар Кәдіров өз тракторын әлі де жетілдіре түспек ниетте. Болашақта тротуарларды қардан, шаңнан тазартатын сыпыртқы құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр.

Ақтөбе облысының тұрғыны өз қолымен трактор құрастырды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.