"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында жүрген бөлтіріктер видеоға түсіп қалды
Опубликовано:

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында бөлтіріктер видеоға түсіп қалған. Түз тағысының видеосы парктің желідегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Парк қызметкерлерінің хабарлауынша, парк аумағындағы жабайы жануарлар үшін қойылған арнайы фотоұзаққа орман ішінде еркін жүрген екі бөлтірік түсіп қалған.
"Жұмысты жүргізген: Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары видеоға түсіп қалғанын жазған едік. Ол кезде парк инспекторлары екі қонжығымен жүрген қоңыр аюды видеоға түсіріп алған болатын.
Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларын мекендейді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2246781-kolsai-kolderi-ulttyq-parkining-aumagynda-zhurgen-boltirikter-videoga-tusip-qaldy/