jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Тыныс алу жолдарын жауып тастауы мүмкін": АҚШ Лабубу ойыншықтарының қаупі туралы ескертті

Лабубу ойыншықтары
Лабубу ойыншықтары. Иллюстрациялық фото: Photo by Sascha Thelen/picture alliance via Getty Images

АҚШ-тың Тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы (CPSC) жас балаларға үлкен қауіп төндіретін Лабубу ойыншықтары туралы ескерту жасады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Жұмсақ фигуралар мен кілтке ілетін салпыншақ түрінде жаппай сатылып жатқан ойыншықтар, әсіресе кішкентай балалардың аузына салуына өте ыңғайлы.

Ол баланың тыныс алу жолдарын жауып тастауы мүмкін. CPSC, сонымен қатар Лабубу оңай бөлшектеліп, ұсақ бөліктерге ыдырайтыны туралы мәлімет жинады", - делінген комиссия мәлімдемесінде.

Сондай-ақ комиссия аталмыш ойыншықтарды Қытайдан АҚШ-қа әкелер кезде осындай олқылықтарды анықтаған.

Агенттіктің жазуынша, Лабубу – 2015 жылы Гонконг суретшісі Лун Касин жасаған эльф тәрізді тіршілік иесі. Ол үлкен көздері, үшкір құлақтарымен және тоғыз тісімен ерекшеленетін үлпілдек құбыжықтар. Өнімнің танымалдығы өткен жылдың соңында күрт өскен.

"Тыныс алу жолдарын жауып тастауы мүмкін": АҚШ Лабубу ойыншықтарының қаупі туралы ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.