jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Колумбиялық ата-ана жаңа туған қызының атын ChatGPT-мен байланыстырып қойды

нәрестенің табаны
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Колумбияның Серете қаласындағы отбасы жаңа туған қызына ChatGPT чат-ботының құрметіне Чат Йипити деп ат қойған. Бұл туралы UPI сайтына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Агенттіктің жазуынша, Кордова департаментіне қарасты кіші Серете қаласындағы колумбиялық отбасы жаңа туған сәбиіне танымал ChatGPT бағдарламасының құрметіне Чат Йипити Бастидас Герра деген есім берген.

Жергілікті БАҚ ата-ана бұл атты таңдауын "жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне құрмет" деп түсіндіргенін хабарлаған. Ұлттық АХАТ органы ерекше атты еш қарсылықсыз тіркеген.

Алайда ата-ананың бұл шешімі қоғамда қызу пікірталас тудырған. Кей желі қолданушылары таңғалып мұндай есімнің болашақта балаға қиындық тудыруы мүмкін екенін атап өтсе, кей адамдар керісінше, ата-ананың шешімін қолдаған.

Колумбия заңы белгілі бір есімдерге тыйым салмаса да, Ұлттық реестр қызметкерлері таңдалған есім қорлау немесе баланың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептесе, тіркеуден бас тартуға құқылы.

Колумбиялық ата-ана жаңа туған қызының атын ChatGPT-мен байланыстырып қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.