Қазақстанда алғаш рет әйелдерге арналған ғарыш эксперименті іске қосылды (видео)
Жарияланған күні:
Елімізде алғаш рет әйелдерге арналған "SANA - 1" ғарыш эксперименті басталды. Қазақстан болашақ ғарыштық миссияларға арналған технологияларды сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовтың бастамасымен қолға алынған жоба 1 қазанда ресми түрде іске қосылды. Төрт зерттеуші 10 күн бойы арнайы модульде, яғни ғарыш кемесінің жердегі үлгісінде болады. Эксперименттің нақты тапсырмаларын орындап, зерттеу жүргізеді.
"Біз бұл ғылыми тәжірибеде, жер үстіндегі капсула арқылы қатысушылардың ғарыш жағдайындағы денсаулығын зерттейміз. Әр қатысушыға берілген тапсырмалар негізінде олардың психологиялық күйзеліс деңгейі мен команда мүшелерінің бір біріне деген қарым қатынасын, сондай-ақ әйелдердің ғарышты зерттеу және техникалық, ғылыми бағыттардағы жұмыстарға қатысуын қолдауды жүзеге асырамыз", - дейді ғылыми бағдарламаның жетекшісі Алина Гуторева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2292711-qazaqstanda-algash-ret-aielderge-arnalgan-garysh-eksperimenti-iske-qosyldy-video/