jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген": Ақмола облысында мамонт сүйектері табылды

табылған мамонт сүйектері
Табылған мамонт сүйектері. Фото: ҚР Ұлттық музейі

Ақмола облысында шамамен 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың сүйектері табылды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық музейдің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, жуырда Ақмола облысы Бұланды ауданы Новобратское ауылы маңынан түкті мамонттың төменгі жақ сүйегі мен жілік сүйектері табылған.

табылған мамонт сүйектері
Табылған мамонт сүйектері. Фото: ҚР Ұлттық музейі

"Алғашқы сараптама бұл сүйектердің 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген, жасы 40-50 шамасындағы ересек мамонтқа тиесілі екенін көрсетіп отыр", - делінген хабарламада.

Құнды олжаны агрохолдинг қызметкерлері Әділет Омаров пен Әлжан Ракишев тауып, бірден Ұлттық музей мамандарына хабарлаған. Қазір жәдігер музейдің арнайы зертханасында сақтаулы.

табылған мамонт сүйектері
Табылған мамонт сүйектері. Фото: ҚР Ұлттық музейі

Мамандар бұл жерде толық қаңқа табылуы мүмкін дейді. Алдағы маусымда кеңкөлемді қазба жұмыстары жоспарланып отыр. Егер болжам расталса, бұл Қазақстандағы мұз дәуірі жануарларын зерттеу саласындағы ірі жаңалық болмақ.

Табылған мамонт сүйектері
Табылған мамонт сүйектері. Фото: ҚР Ұлттық музейі

Ұлттық музейдің мәліметінше, мамонттар 700 000 жыл бұрын пайда болып, соңғысы 10 000 жыл бұрын жойылып кеткен. Салмағы 5-8 тоннаға дейін жетеді. 6 рет ауысып тұратын ірі азу тістері болған.

Қазақстанда мамонт сүйектері бұған дейін Павлодар, Солтүстік, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында табылған.

"40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген": Ақмола облысында мамонт сүйектері табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.