jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астаналық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты (видео)

Көзілдірік
Көзілдірік. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Астана қаласындағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 "А" сынып оқушысы Қуандық Әмірхан ерекше жобасын таныстырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордалық оқушы көру қабілеті нашар және мүлде көрмейтін жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапқан.

Жас өнертапқыштың бұл жобасы көзі нашар көретін адамдарға күнделікті өмірде көшеде еркін қозғалып, түрлі кедергілерден сақтануға мүмкіндік береді.

Ақылды көзілдіріктің басты ерекшелігі – адамның алдында бір метр қашықтықтан бастап кедергі пайда болғанда, алдын ала қазақ тілінде "Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!" деген дауыстық ескерту жасайды.

Қуандық Әмірхан бұл көзілдірікті зағип жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрастырғанын айтады. Алдағы уақытта ол жұмыстың ауқымын кеңейтіп, басқа да нұсқамаларды енгізуді көздеп отыр.

Айта кетелік, бұған дейін тағы бір астаналық оқушының небәрі бір айдың ішінде үш дөңгелекті электровелосипед жасап шығарғанын жазған едік.

Астаналық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.