jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Наполеонның гауһар таспен көмкерілген түйреуіші 4,4 млн долларға сатылды

Наполеонның түйреуіші
Наполеонның түйреуіші. Видеодан кадр: 24KZ

Женевадағы әйгілі Сотбис аукционында ұлы қолбасшы, француз императоры Наполеон Бонапартқа тиесілі түйреуіш 4,4 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарнаның мәліметінше, бұл сома бұйымның бастапқы бағасынан 17 есе қымбат. 

1810 жылы Париждегі зергерлік шеберханада жасалған әшекей 13 караттық гауһар таспен және өзге де көптеген асыл таспен көмкерілген.

Аңыз бойынша, Наполеон Ватерло шайқасынан кейін оны өзі мінген күймесінде қалдырып кеткен.

Кейін әшекей Пруссияның үшінші королі Фридрих Вильгельмнің қолына өтіп, ұзақ жыл бойы Гогенцоллерндер әулетінің мұрағатында сақталған. 

Айта кетелік, бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген самурай қылышы 540 мың теңгеге сатылғанын жазған едік.

Наполеонның гауһар таспен көмкерілген түйреуіші 4,4 млн долларға сатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.