jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енді

Киіз үй
Жайлаудағы киіз үй. Көрнекі сурет: pixabay

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 20-шы сессиясында қобыз бен киіз үй ресми түрде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Бүгін біз үшін маңызды және шынымен де тарихи күн. Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 20-шы сессиясында Қарақалпақстанның екі ерекше мәдени қазынасы – қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне ресми түрде енгізілгенін мақтанышпен хабарлаймын.

Олардың халықаралық деңгейде мойындалуы салт-дәстүріміздің тереңдігін, рухани мұрамыздың беріктігін және ұрпақтар жалғастығын растайды", - делінген жазбада.

Сондай-ақ ол мұраны сақтауға және насихаттауға атсалысқан барша қолөнершіге, зерттеушілерге, дәстүр ұстанушылары мен жанашырларына алғысын білдірді.

"Бұл біздің мәдениетіміздің жеңісі. Біз өзімізді бірегей ететін нәрсені мұқият сақтай отырып, алға жылжи береміз", - деді Мирзиёева.

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.