Жылқы жылынан не күтеміз: нумерологтар болжамы
Опубликовано:
Санаулы күндерден кейін жылан жылы аяқталып, жылқы жылы кіреді. Жаңа жыл – тек күнтізбедегі күн емес, жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Нумерологтар келер жылдан үміт көп екенін айтып отыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Шығыс күнтізбесі 2026 жылды жай жыл емес, қозғалыс пен тәуекелге толы кезең ретінде сипаттайды. Осы орайда арна тілшілері алдымен тұрғындардың мереке алдындағы көңіл күйі қандай екенін білмек болып, сауалнама жүргізді. Бірі жаңа жылдан тыныштық күтсе, енді бірі батыл өзгерістерге дайын.
"Позитив, жылдамдық күтем. Тек жақсылық күтем", "Еліміз өркендеп, инфлияция төмендейтін шығар – қазақ халқы жақсы көретін жануары ғой. Біз де мықты болайық, жылқы секілді", "Тек мүмкіндіктер күтем", "Жылқы таза, киелі жануар және еңбекқор. Сондықтан бізге де биыл көп жұмыс істеу керек", - дейді тұрғындар.
Ал нумерологтар жаңа жылға түрлі болжам жасап отыр. Олар бұл жыл әрекетсіздікті ұнатпайды, сондықтан жоспарлы түрде алға жылжу маңызды, жылқы жылы дүниеге келгендерге сәттілік әкеледі дейді.
Ата-бабамыз жылқы жылын шаруашылыққа қолайлы, тұрмысқа жайлы, молшылыққа толы жыл деп есептеген. Сондықтан 2026 жыл қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы болмақ.
Дегенмен жыл эмоциялық тұрғыдан күрделі де болуы мүмкін: шабыт пен қуат артып келе жатқанда, күйзеліске бейімділік те күшейеді. Сондықтан ішкі тепе-теңдікті сақтау, артық күш жұмсамау және сезімге берілмеу маңызды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2325875-zhylqy-zhylynan-ne-kutemiz-numerologtar-bolzhamy/