Қазақстанда Конституция, Атазаң мен Заң есімді қанша адам бар
Жарияланған күні:
Ұлттық статистика бюросы елімізде Конституция, Атазаң мен Заң есімді қанша адам бары туралы қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда Конституция есімді 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адам, Дауыс есімді екі адам бар.
"Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек аты 1197 адамға қойылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2354598-qazaqstanda-konstitutsiia-atazang-men-zang-esimdi-qansha-adam-bar/