jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Парик ағашы": Алматының ботаникалық бағында ерекше ағаш гүлдеді (видео)

былғары скумпия
Былғары скумпия. Видеодан скриншот: instagram.com/botsadkz

Алматыдағы Ботаникалық бақта "парик ағашы" деген атаумен белгілі былғары скумпия гүлдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ботаникалық бақтың Instagram-дағы парақшасында гүлдеп тұрған ерекше ағаштың видеосы жарияланды.

Ботаникалық бақтың мәліметінше, былғары скумпия – жапырақ түсіретін, қатты бұтақтанатын бұта немесе шағын ағаш, Anacardiaceae тұқымдасына жатады. Табиғи жағдайда ол Батыс Еуропада, Балқан түбегінде, Түркияда, Кавказда, Қытайда және Үндістанда кездеседі.

Скумпияның басты ерекшелігі – оның сыпыртқы тәрізді гүлшоғырлары. Гүлдегеннен кейін олар жеңіл, үлпілдек бұлттарға айналып, парикке ұқсайды. Жазда өсімдік жеңіл тұман сияқты әсер береді, ал күзде жапырақтары сарыдан қанық қызыл түске дейін өзгеріп, жылы реңктерге боялады.

"Әсемдігімен қатар, скумпия пайдалы қасиеттерімен де белгілі. Оның жапырақтарында маталарды сары және қызғылт-сары түске бояуға қолданылатын табиғи бояғыш – физетин бар.

Ағашы берік, жеңіл және шіруге төзімді, ал құрамындағы илік заттардың көп болуы оны былғары илеу өндірісінде құнды етеді. Сондай-ақ бұл өсімдіктің әртүрлі бөліктері дәстүрлі медицинада қолданылады", - дейді Ботаникалық бақтың өкілдері.

"Парик ағашы": Алматының ботаникалық бағында ерекше ағаш гүлдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.