Қарқаралы ұлттық паркінде қасқыр видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарқаралы ұлттық паркінде фототұзаққа қасқыр түсті, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бір фототұзақ – әр жолы жабайы табиғат өмірінен жаңа көрініс.
Бұған дейін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ бүркіттің екі балапанын, ал түнде бұғыны тіркеген еді. Бұл жолы дәл осы маңнан қасқырлар көрінді", - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бір аумақта әртүрлі жануарлардың кезек-кезек кадрға түсуі Қарқаралының жабайы табиғатындағы тіршіліктің қаншалықты алуан екенін көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін "Көлсай көлдері" ұлттық паркіндегі санақ кезінде қоңыр аю видеоға түсіп қалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2434933-volk-popal-na-video-v-karkaralinskom-natsparke-qarqaraly-ulttyq-parkinde-qasqyr-videoga-tusip-qaldy/
