jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Фермер жаңа рекордқа лайық алып асқабақ өсірді

Рон Уоллес
Рон Уоллестің алып асқабағы. Кадр: youtube.com/@NBC10WJAR

Америка тұрғыны Рон Уоллес салмағы 3156 фунт, яғни шамамен 1431,5 кг болатын асқабақ өсірді. Бұл – 3000 фунттық межеден асқан алғашқы асқабақ, деп жазды UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ковентри қаласының фермері өз өнімін Уоррен қаласында өткен Southern New England Giant Pumpkin Weigh-Off алып асқабақтар байқауына әкелді. Ресми өлшеу кезінде алып жеміс рекордтық нәтиже көрсетті.

Егер өлшеу нәтижелерін Гиннес рекордтар кітабының өкілдері бекітсе, Уоллестің алып асқабағы бұрынғы рекордшыдан атақты тартып алады. Алдыңғы рекорд салмағы 2856,8 фунт – шамамен 1295,8 кг болатын асқабаққа тиесілі еді. Мұндай нәтиже Англияның Беркшир графтығындағы байқауда тіркелген болатын.

Род-Айленд штатының фермері үшін бұл – алғашқы жетістік емес. 2012 жылы Уоллес тарихта алғаш рет салмағы 1 тоннадан асатын асқабақ өсіріп, әлемдік рекордшы атанған еді.

Фермер жаңа рекордқа лайық алып асқабақ өсірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram