jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Австралиялықтар 20 жастағы "Макдональдс" бургерін көрсетті

: UGC

Австралия тұрғындары Кейси Дин мен Эдвард Ниц 1995 жылы жылы "Макдональдс" дәмханасынан сатып алған бургерін бүгінгі күнге дейін жемей сақтап келген деп хабарлайды The Daily Mail.

Екі дос фастфудты осыдан жиырма жыл бұрын "Макдональдс" жылдам жасалатын тағамдар желісінен сатып алған. Бірнеше бургерді тауысқан оқушылар соңғы біреуін жей алмай, сақтап қоюға сөз байласыпты.

Алғашында 6 айға деп келіскенімен, алты айы ақыры жиырма жылға созылды.

"Мұны әзіл көретінбіз, Кейін алты айдың қалайша өтіп кеткенін білмей қалдық. Айлар жылдарға айналды. Міне, араға жиырма жыл салып сол бургерді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Дәмін білмейміз, бірақ түрі сол қалпы сақталған" дейді Дин мен Ниц.

Олар бургерді қалай және қайда сақтағанын айтқан жоқ.

Австралиялықтар 20 жастағы "Макдональдс" бургерін көрсетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.