Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік тұлғалардың көңілді фотолары

Опубликовано:

Кекіл қойған Барак Обама, ішек-сілесі қатқан Ангела Меркель, біртүрлі қараған Хилари Клинтон саясат тұтқасын ұстағандардың да күлкілі бола алатынын дәлелдеп бергендей.

Көпшілікті өзіне қаратқан саясат көшбасшыларының көңілді фотоларын Fullpicture.ru-ға сілтеме жасай отырып назарларыңызға ұсынамыз.

АҚШ президенті Барак Обаманың кекіл қойған фотосын Ақ үйдің өзі жария еткен. Фото президенттің әйелі Мишель Обаманың жаңа шаш үлгісіне әзіл жауап ретінде жасалған.

Румыния президенті Траян Бэсеску, Франция президенті Николя Саркози, Вьетнам премьер-министрі Нгуен Тан Зунг, Германия канцлері Ангела Меркель, Польша премьер-министрі Дональд Туск, Жапония премьер-министрі Наото Кан және Финляндия премьер-министрі Мари Кивиниеми ресми фотоға түсу үшін жиналып тұр.

АҚШ президенті Джордж Буш Жапония премьер-министрі Ясуо Фукуда және Қытай президенті Ху Цзиньтаомен 2008 жылғы G8 саммитінде күліп тұр.

Куба президенті Рауль Кастро 2015 жылдың сәуіріндегі кездесу барысында әзілдеп құлағын бітеп, журналистердің сұрақтарын естімеген сыңай танытуда.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысымен Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы дауыс беруден кейін күліп тұр.

2012 жылдың 18 маусымында АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен Лос-Кабостегі G20 саммитінің отырысындағы әңгімелесу кезінде күлкісін тия алмауда.

Ол оны қытықтап жатыр ма? Торонто кеңесінің мүшесі Фрэнк Ди Джорджио Торонто мэрі Роб Фордпен қала бюджетін талқылауға қатысты отырыс кезінде.

Сенатор Джон Маккейн Барак Обаманың сахнадан түскенде жаңылысып, басқа жермен түспек болғанына осылайша таңырқаған.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас парламентте күлкілі әңгімелер айтуда. Алайда көп ұзамай күлкісі шорт тыйылатындай жағдай туындайды.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони күйдіргі сырқатының үлгілерін алған сәтінде әзілдеп шошыған сыңай танытады.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин журналистердің бірі Ресей басшысымен жеке фотоға түскісі келгеніне күліп жатыр.

Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф Palais Coburg-тің балконында тұрып, ішек-сілесі қатуда.

Балдақтарды әрқалай пайдалануға болады деп ойлайтын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри. 2015 жылдың маусымы.

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмеронды Лондондағы сайлауалды митинг кезінде сайлаушыларға үйіп-төгілген уәделер қатты күлдірткен сыңайлы.

Қарсыласын күлкімен қарусыздандыру. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы әрі президенттікке үміткер Хиллари Клинтон өз қарсыласы Берни Сандерсті күліп қарсы алуда.

2014 жылдың 14 желтоқсаны күні кездескен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров не үшін мұнша күлгені құпия болып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/931262-sayasattynh-ozge-kelbeti-basshylar-da-ku/

pixel