Гүлжанат Нұрышевадан рецепт: ашытқысыз дәмді бауырсақты 15 минутта қалай пісіруге болады
Жарияланған күні:
Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Әр өңірде бауырсақты түрліше пісіреді. Мәселен, ұлттық тағамның қамырын ашытқысыз илейтіндер де бар. Гүлжанат Нұрышева 15 минутта дайын болатын бауырсақ рецептін назарға ұсынатын болады.
Бауырсақ – түркі тілдес тайпалар арасында кеңінен танымал ұлттық тағам. Әсіресе Орта Азия елдерінде бауырсақты ұлттық дастарханның көркіне айналған. Бауырлар түркі халықтары бауырсақты боорсок, бавырсак, боорцок, бурсак және т.б. деп те атаған. Қазақ халқында да бауырсақтың алар орны ерекше. Ата-бабаларымыз бауырсақты той-домалақтарда, жиындарда жиі пісіріп, шаңыраққа келген қонағына етпен бірге бауырсақты қойып, сый-құрмет көрсеткен.
Сипаттамасы
Асхана: Орта Азия
Санаты: бас тағам
Дайындау уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 20 минут
1 порцияға арналған калория мөлшері: 300 ккал
Құрамы
Айран – 300 г (жылы)
Сода – 0,5 шай қасық
Сары май – 50 г
Қант – 50 г
Тұз – 1 шай қасық
Ұн – 450-500 г
Дайындалуы
1. Айранды ас содасымен араластырамыз
Майлылығы 2,5% болатын айранды алдымен пеште жылытып алып, оған соданы қосамыз. Сөйтіп, жақсылап араластырамыз. Сонда айранның көлемі екі есеге ұлғаятын болады.
2. Сары май, қант қосамыз
Айранға қантты қалауыңызша қосып, ерітілген сары майды үстінен құямыз. Сосын тұзды қосып, айранды жақсылап араластырамыз.
3. Ұн қосамыз
Ұнды електен өткізіп, айранға аз-аздап қосып, араластырып отырамыз. Ұнды айранға қосқан сәтте, оны аздаған мөлшерде қосып барып, араластырған жөн. Сонда қамыр жұмсақ әрі тез көтерілетін болады.
4. Қамырды тындырамыз
Қамыр тез көтерілу үшін, пешті 30 градусқа қойып, қамырдың көтерілуін күтеміз. Немесе кемінде 15, көп дегенде 1 сағатқа бетін жауып қойып, көтерілгенін күтсеңіз болады.
5. Қамырды жайып, бауырсақ дайындаймыз
Қамыр көтерілген соң, оны қолымызға сұйық майды жағып, бірден жаюға кірісеміз. Сөйтіп, 3,4 мм болатын қамыр жаямыз. Сосын төрт бұрышты бауырсақ пішінде кесеміз.
6. Бауырсақты пісіреміз
Терең табаға сұйық майды құйып, майды пешке қоямыз. Май қайнаған сәтте, бауырсақтарды табаға ақырындап салып, пісіріп аламыз.
7. Дайын бауырсақты дастарханға қоямыз
Піскен бауырсақтарды жалпақ ыдысқа салып, дастарханға қоямыз. Бауырсақтар дәмді, үлпілдек әрі жеңіл болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2063308-gulzanat-nurysevadan-15-minutta-daiyn-bolatyn-asytqysyz-damdi-bauyrsaq-recepti/