jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Дәл мұнша "қара қағаз" алмап едік": Балғынбек Имаштың өлеңі елді жылатты

    : Depositphotos

    Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш қатерлі індет құрбандарына арнап өлең шығарды. Ол күні кеше ғана думандатып жүрген халқының кенеттен қара жамылып, күнде қайғы-қасіреттен көз ашпай жатқанын сөз етті. Айтыскер қауіпті вирус салдарынан еліне еңбегін сіңірген бірқатар мықты мамандардың қаза болғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/balgynbek_official.
    Фото: Instagram/balgynbek_official.: Instagram

    Балғынбек Имаш Жалпыұлттық аза тұту күнінде коронавирус індетінен қайтыс болған науқастарға арнаған өлеңін ел назарына ұсынды.

    Белгілі ақын "Қаралы күн" атты аса әсерлі туындысын Instagram парақшасында жариялаған.

    Жетсек те аман-есен күнде ақшамға, Кім кетіп, кім жетері жұмбақ таңға. Жаралы жанын емдем жұртымыздың, Көз-жасын сорғалаған құрғатшы, Алла.

    Кеше еді: күнде думан, күнде отырыс, Ал, бүгін: күнде қайғы, күнде өкініш. Емхана, мәйітхана азан-қазан, Тойхана, мейрамхана мүлде тыныш.

    Журналист, ақын, имам, қажы кетті, Дәрігер, сот, прокурор, қазы да өтті. Тоқтай ма мына тұмау? Табиғаттың, Қысы емес, көктемі емес, жазы жетті.

    Толассыз суық хабар зарға көміп, Жатады күндіз, кешке, таңда келіп. Сұрапыл соғыста да күн құрғатпай, Дәл мұнша "қара қағаз" алмап едік.

    Хабарын өлім-жітім естіп-естіп, Даламыз зар илейді өксіп-өксіп. Үрейден құйрықмай жеп, қымыз ішіп, Қазақ боп кетсек жақсы өстіп-өстіп.

    "Жазмыштан озмыш жоқты" естіп өстік, Нәпсімен бес намазда бес күрестік. Тмин ішіп, Қист тұтатып, тәубәға кеп, Мұсылман болсақ жақсы өстіп-өстіп.

    Ия, Раббым, өзі беріп, өзі алатын, Қырғынға түріміз жоқ төзе алатын. Жоқтаған Жүсіп ұлын Жақып құсап, Халықтың болып қалды көзі ағатын.

    Өлген соң пәтеріміз бәрібір - Көр, О жаққа "ордер" алды тағы кімдер? Айыбын мойындаған құлдарыңа, Аюбтың төзімі мен сабырын бер!

    Күніге сынып, солып гүл бақшамда, Жан үшін жүріп жатыр қымбат сауда. Қыршынын аза тұтқан аз қазақты, Жылата бермей көзін құрғатшы, Алла!

    "Дәл мұнша "қара қағаз" алмап едік": Балғынбек Имаштың өлеңі елді жылатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.