jitsu gif
Бос уақыт

    Елімізде алғаш рет болған оқиға желісінде әскери кино түсірілді (фото)

    : UGC

    Қазақстанда тұңғыш рет нақты оқиға желісінде әскери фильм тұсауын кеспекші. "Алтыншы бекет" деп аталатын жаңа картинада 2010 жылы Ақтау қаласында болған оқиға желісімен түсірілген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    "Алтыншы бекет": UGC

    Осыдан сегіз жыл бұрын Ақтау қаласында қатаң тәртіптегі колониядан 60-тан астам жазасын өтеуші қашуды жоспарлаған, осы уақытта он тоғыз жасар әскери парызын өтеуші Ербол Отарбаев қарауыл қызметінде тұрған.

    Түсірілім алаңынан фото
    Түсірілім алаңынан фото: UGC

    Жас сарбаз жалғыз өзі қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрып, 40-тан астам қышқынды тоқтатқан. Ербол оқиға барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазақстан президентінің жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

    Түсірілім алаңынан фото
    Түсірілім алаңынан фото: UGC

    Шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмнің түсіріліміне дайындық кезінде басты рөлде ойнайтын Санұржан Сүлейменов екі апта бойы жауынгерлердің қатарында болып, әскери тәртіппен танысқан.

    Түсірілім алаңынан фото
    Түсірілім алаңынан фото: UGC

    Қашқын рөлін ойнаған Жасұлан Өмірбек екі апта бойы колонияда қылмыскерлермен бірге тұрған, тіпті образға кіру үшін жалғыз адамға арналған камерада бірнеше сағат отырған.

    Түсірілім алаңынан фото
    Түсірілім алаңынан фото: UGC

    Сонымен қатар бас кейіпкердің прототипі Ербол түсірілім жұмыстарына белсенді қатысып, оқиғаның шынайылығын жоғалтпауға атсалысқан. Айта кетейік, кинода көрсетілген жарылыстар шынайы. Фильм Алматы қаласында түсірілген.

    Түсірілім алаңынан фото
    Түсірілім алаңынан фото: UGC

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.