Бос уақыт

Зектілері

Көрінісі таңғажайып: Әлемдегі ең әдемі жеті аралды білесіз бе

Жарияланған күні:

Арал
Фото: bigpicture.ru

Қай кезде де табиғат жаратқан нысандардың пішіндері әркелкі әрі көрінісі таңғажайып. Кейбірі көзге бірден түссе, енді бірін тек едәуір биіктікке шығып қана байқауға болады. Осы ретте Bigpicture сайты әлемдегі ең әдемі жеті аралды назарларыңызға ұсынады.

Пішіні дельфинге ұқсас арал

Бұл Индонезияның Флорес аралына жақын орналасқан кішігірім маржан аралдардың бірі, Кіші Зонда аралдарының бөлігі.

АРал
Фото: bigpicture.ru

Смайликке ұқсас арал

Малайзияға қарасты Манукан, Мамутик және Сулуг аралдары көңілді смайликке ұқсайды. Оңтүстік Қытай теңізінің үстінен ұшақпен ұшқандар бұл аралды көргенде көңіл күйлері көтеріліп қалары анық.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Бумеранг түріндегі атолл

Бумеранг түріндегі атоллда Оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан. Ол құрамына 75 маржан кедертасы мен кішігірім аралдар кіретін Спрэтли аралына қарайды. Бұл арал жыл мезгілі мен ағын күшіне байланысты пішінін өзгертіп отырады.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Құлынға ұқсас арал

Галапагосс аралдарының бұл суреті 2002 жылы NASA спутнигінің бортына қондырылған MODIS құрылғысынң көмегімен ғарыштан түсірілен. "Теңіз құлынына" ұқсас аралдың аты - Исабела. Аралда 6 вулкан бар және мұнда екі мыңға жуық адам тұрады.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Көзге ұқсас арал

Бұл таңғажайып "көзді" Малдьивке ұшып келгендер көре алады.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Өкпеге ұқсас арал

Флорида-Кис архипелагына қарасты бұл маржанды аралдың пішіні адамның өкпесіне ұқсас. "Өкпенің" дәл ортасында қымбат вилланың тұрғына да көрінеді. Мұндай мекенде өмір сүрген адамның өкпесі расыменде сау болатыны айқын.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Жүрекке ұқсас арал

Адрия теңізінің Галешняк аралында орналасқан жүрек пішінді арал көптің таңданысын тудырған. Бұл арал жекенің меншігінде. Оның иесі Владо Джуреско.

Арал
Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/leisure/entertainment/1907677-korinisi-tangazaiyp-alemdegi-en-ademi-zeti-araldy-bilesiz-be/