jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Тақтар таласының" жалғасы қашан шығады: Түсірілім алаңынан суреттер таралып кетті

    Тақтар таласы
    Фото: Game of Thrones / HBO

    Танымал "Тақтар таласы" телехикаясының приквелі "Айдаһардың үйі" телехикаясы жарыққа шығатын болды. Бұл туралы НВО арнасы өз Twitter-аккаунтында жария етті.

    Желіде телехикая әртістерінің жаңа жоба сценариін оқу үшін бас қосқан сәтінен фото тараған. Фотодан басты рөлдердегі актерлерді байқауға болады.

    Телехикаяда "Тақтар таласына" дейінгі үш жыл бұрынғы кезең көрсетіледі. Телехикаядан Таргариендер үйінің Вестеростағы гүлденген сәтін тамашалауға болады. Жобаға композитор Рамин Джавади тартылмақ. Телехикая желісі Джордж Мартиннің "От және қан" кітабы негізінде құрылады.

    Премьера НВО Мах арнасында 2022 жылы болады деп жоспарлануда. HBO Twitter-аккаунтында түсірілім алаңынан суреттерді жария еткеннен бөлек, актерлердің суреті мен сомдайтын рөлдерінің сипаттамасын да назарға ұсынған.

    Мәселен, Мэтт Смит, телехикаяның басты рөлдерінің бірі - Дэймон Таргариенді сомдайтын болады.

    Премьера туралы көпшілікке жария етілгеннен кейін көп ұзамай актерлер Мэтт Смит (Дэймон Таргариен) және Эмма Д'Арсидің (Райнира Таргариен) Корноулл графтығында телехикаяға түсіп жатқан сәтінен суреттер желіге тарап кетті деп жазады dragon-tv.ru сайты.

    Телехикая
    Фото: dragon-tv.ru

    Телехикая
    Фото: dragon-tv.ru

    Телехикая
    Фото: dragon-tv.ru

    Телехикая
    Фото: dragon-tv.ru

    Сонымен телехикаядағы актерлер тізімі келесідегідей:

    Эмма Д’Арси (Рейнира Таргариен)

    Оливия Кук (Алисента Хайтауэр)

    Мэтт Смит (Деймон Таргариен)

    Соноя Мидзуно (леди Мисария)

    Соноя
    Фото: zone-skins.com

    Стив Туссэн (лорд Корлис Веларион)

    Стив
    Фото: dragon-tv.ru

    Ив Бест (Рейнис Веларион ханшайым)

    Ив Бест (Рейнис Веларион)
    Фото: dragon-tv.ru

    Рис Иванс (Отто Хайтауэр)

    Рив
    Фото: wizardingworld.com

    Пэдди Консидайн (Визерис Таргариен)

    Пэдди
    Фото: birminghammail.co.uk

    Фабьен Франкель (сир Кристон Коль).

    Фабьен
    Фото: dragon-tv.ru

    "Тақтар таласының" жалғасы қашан шығады: Түсірілім алаңынан суреттер таралып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.