jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Қайсар" телехикаясының түсірілімінде актерлер талып қалды

    Актерлер
    Фото: 31 арна

    22 тамыз 10:30-да 31 арна эфиріне отандық жаңа телехикая тұсауын кеспек.

    "Қайсар" телехикаясының түсірілімінде ыстыққа шыдай алмаған актерлердің бастары айналды. Әскери жаттығу кезінде, 30 градус күннің астында улы газдан қорғайтын құрал (противогаз) киген жігіттерге дем жетпей, талуға дейін барды дейді телехикаяның басты кейіпкері Жақсылық Тұрлығазы.

    Актерлер
    Фото: 31 арна

    Әскердегі сахнаның түсірілімі Отар әскери базасында өткен. Аптап ыстықта противогаз киіп, ұзақ уақыт жүгіргеннен басы айналып, бірнеше дубльден кейін ғана противогаздың ауа өткізетін клапаны бар екенін байқадым дейді басты кейіпкер.

    Сонымен қатар жарылыс сахнасында шаңның астында қалған актерлер, топырақ жұтқанын жасырмады.

    Айта кетейік, 22 тамыз 10:30-да 31 арна эфирінде "Қайсар" атты жаңа отандық телехикая қалың көрермен назарына ұсынылады. Телехикая желісі жас сарбаздың өмірі жайлы. Жақындарынан айырылу, достарының опасыздығы, сүйіктісінің сатқындығы. Жас офицердің басынан тағы не өтпек?

    *PR құқығында.

    "Қайсар" телехикаясының түсірілімінде актерлер талып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.