jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    10-тамыздан бастап 31-арнада жаңа филиппиндік «Алғашқы махаббат» атты сериал көрсетілімін бастайды

    : UGC

    31-арна сіздерді филипиндік жаңа сериалды көруге шақырады. Кристина (лақап аты Чичай) мен Хоакиннің арасындағы ыстық ықылас пен махаббаты туралы хикаяның көрсетілімі 10-тамыздан басталады.

    Хоакин қалталы отбасының ерке баласы, ата-анасының қаражатына сеніп қалған жас жігіт. Кристина – өте кедей отбасының арманшыл қызы. Кристинаға жұмыс керек болса, Хоакинға ол қызметші ретінде қажет. Бір-бірінен айырмашылығы көп екеуін тек жеңіске деген талпыныстары ғана ұқсастырады. Алғашында еркелік пен қырсықтықтан басталған ара-қатынас уақыт өте келе өрбіп, зәулім үйлер мен лашықтар арасындағы екеуінің махаббатына ұласады.

    Сериалдың көптеген ерекшеліктері бар, әсіресе басты рөлдегі ойыншылардың қызықты, ерекше кейіпкерлері орынды таңдалынып алынған. Актерлер рөлдерін кәсіби сомдап шыққан. Олардың ойыны көп толқыныс тудырады. Күтпеген оқиғалар, эмоциялық сюжеттер көрерменді алғашқы минуттарынан бастап, сериалдың соңына дейін баурап алады.

    «Алғашқы махаббат» - жүрегіңнің түбіне дейін жетіп, толғандыратын жарқын романтикалық сәттерге толы хикая. Сериалдың драматикалық және комедиялық оқиғалары орынды байланысқан. Сюжеті, эмоцияны көрерменге жеткізе білу және форматы жағынан 31-арна көрермендері сүйіп көретін «Мен саған ғашықпын» сериалының көшін жалғайды.

    «Алғашқы махаббат» романтикалық сериалын 10-тамыздан бастап сағат 14:00 мен 23:00 31-арнадан тамашалаңыздар.

    Толық ақпарат алу үшін:

    Алматы қ. Тәжібаев көш. 155 Тел/факс: +7(727)3152940 (ішкі 4095) Айгерім Төлепберген Е-mail: a.tolepbergen@31.kz

    *PR құқында

    10-тамыздан бастап 31-арнада жаңа филиппиндік «Алғашқы махаббат»  атты сериал көрсетілімін бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.