jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әлем елдерінің қызықты Жаңа жылдық дәстүрлері

    : Facebook

    Жаңа жыл әлемнің барша елдерінде тойланатын мейрам. Әрбір елдің өзіндік жаңа жылдық дәстүрлері бар. turupupu.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға әлемнің әртүрлі елдерінің қызықты, әрі оғаш дәстүрлерін ұсынады.

    pravoslavie.ru
    Көрнекі фото: pravoslavie.ru: Facebook

    1. Жапония

    Жапондықтар түнде ұйықтап, таңды қарсы алады!

    yandex.ru
    Көрнекі фото:yandex.ru: Facebook

    Жаңа жыл түнінде Жапонияда 108 мәрте қоңырау соғылады. Әрбір соғылған қоңырау адамның ақымақтық, сараңдық, ашушаңдық, қызғаншақтық, сенімсіздік, жеңілтектік сияқты кемшіліктерін білдіреді. Жапондықтар әрбір кемшіліктің 18 түсі бар деп есептейді, сондықтан қоңырау 108 рет соғылады. Шыршаның орнына олар "кадомацуды" безендіреді. Оны бамбук пен шыршадан жасайды.

    2. Аргентина

    bigmir.net
    Көрнекі фото: bigmir.net: Facebook

    Мұнда тұрғындар Жаңа жыл қарсаңында барлық қажетсіз дүниеден құтылады. Әсіресе қағаздардан. Сондықтан Жаңа жылдан кейін қала көшелері аппақ қардай қағазға көміліп қалады. Жергілікті дәстүр бойынша, терезеден қажетсіз журналдар, газеттер, қағаздарды лақтыру керек. Аргентиналықтар өткен жылдың есепшоттарын лақтырғанды қатты ұнатады.

    3. Испания

    испания2015.рф
    Көрнекі фото:испания2015.рф: Instagram

    Испандықтар Жаңа жылда 12 жүзім жеуге тиіс. Әрбір жүзім сағат тілі 12-ні соққан сайын желінуі тиіс. Жеген әр тал жүзім жылдың әр айында сәттілік әкелуге тиіс. Испандықтар қала алаңдарына жиналып жүзім жейді. Бұл дәстүр 100-дан бері сақталып келеді.

    4. Шотландия

    Organic Woman
    Көрнекі фото:Organic Woman: Instagram

    Шотландияда Жаңа жылды үнсіздікте қарсы алады. Сағат тілі 12-ні соққанда бүкіл отбасы жанып тұрған пештің жанына жиналады, ал отағасы үнсіз барып есікті ашады. Осылайша олар ескі жылды шығарып салып, Жаңа жылды қарсы алады екен. Шотландықтар үйге береке келгенін алғаш келген қонақтан біледі.

    5. Эстония

    gidvgreece.com
    Көрнекі фото;gidvgreece.com: Twitter

    Эстондықтар Жаңа жылды моншада қарсы алады. Жаңа жылға таза қарсы алу үшін тұрғындар сағат 12-де де моншада жуынған. Алайда қазір бұл дәстүр көбінесе туристер үшін сақталған екен.

    6. Панама

    gidvgreece.com
    Көрнекі фото:gidvgreece.com: Twitter

    Панамада ерекше бір дәстүр бар. Мұнда белгілі саясаткерлердің, спортшылардың, танымал тұлғалардың тұлыптарын өртейді. Бірақ олардың жаман ниеттері жоқ. Барлық тұлыптарды "muneco" деп атайды, ол өткен жылдың барлық жаманшылығын бейнелейді. Сондықтан оны өртеп, олар барлық жамандықтан құтылады.

    7. Дания

    gidvgreece.com
    Көрнекі фотоgidvgreece.com: Twitter

    Данияда Жаңа жылды қарсы алғанда орындыққа шығып, одан секіреді. Осылайша олар келер жылдың қаңтар айына секіріп кіреді және бұл оларға сәттілік әкеледі екен. Сонымен қатар даттықтар достары мен көршілерінің есіктеріне сынған ыдыс лақтырады. Кімнің есігінің түбінде ең көп сынық ыдыс жиналса, сол отбасының келер жылы жолы болып, берекесі артатын көрінеді.

    8. Греция

    gidvgreece.com
    Көрнекі фото:gidvgreece.com: Facebook

    Гректер қонаққа барғанда өздерімен бірге тас апарады. Тас неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы. Тастың салмағына қарай келер жылы сол үйдің қожайынның қалтасы ақшаға толады. Тағы бір дәстүр бойынша отағасы үйдің ауласында анар жемісін жаруы тиіс. Егер анар дәндері аулаға шашылса, отбасын келер жылы қуанышты, бақытты күндер күтеді.

    9. Микронезия

    smarttrip.ru
    Көрнекі фото:smarttrip.ru: Twitter

    Бұл аралдардың тұрғындары Жаңа жыл қарсаңында есімдерін өзгертеді. Осылайша олар жын-шайтандарды алдайды. Әр адам қалауы бойынша есім таңдайды, сондықтан жыл бойы бір есімді адамдар қаптап кетеді.

    10. Болгария

    gidvgreece.com
    Көрнекі фото:gidvgreece.com: Facebook

    Болгарияда түн ортасы болғанда жарық өшеді. Жарық сөнгенде барлық адамдар бір-бірлерін сүйіп құттықтайды.

    Әлем елдерінің қызықты Жаңа жылдық дәстүрлері

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.