jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Назарбаев Қазақстанда ұлттық валютаны қалай енгізді (фото, видео)

    : UGC

    Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің туған күні. 1993 жылғы 15 қарашада елміз үшін тарихи оқиға орын алып, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Бұл жаңалықты сол кездері отандық БАҚ өкілдері қалай баяндады? KAZ.NUR.KZ осы жөнінде кеңірек мәлімет беруге тырысады.

    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: ҚР президенті телерадиокешені видеомұрағатынан кадр
    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: ҚР президенті телерадиокешені видеомұрағатынан кадр: UGC

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 12 қарашада Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні кешке телевидение арқылы осы мәселемен Қазақстан халқына үндеу жолдады. Президенттің үндеуі мен сәйкес жарлықтар, қаулылар мен теңгені айналымға енгізу туралы нұсқаулар ресми баспасөз құралдарында 13 қарашада жарық көрді.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Назарбаев өз үнеуінде бұндай оқиғаның әр елдің тарихында бір-ақ рет болатынын мәлімдеді.

    "Ұлттық валютаны енгізу қажеттілігін барлығымыз түсінуіміз қажет. Біз үшін бұл оқиғаның тек экономикалық емес, сондай-ақ саяси мәні де теңдессіз", – деді ол.
    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Facebook

    Ары қарай Елбасы жеке ұлттық валютаны енгізу себебінің мән-жайын айтып берді. Төменде оның мәлімдемесінен үзінді келтіреміз.

    "Біз жағдайды мұқият таразылап, жеке валютамызды енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұл экономикалық одақ жөніндегі келісімшарттың негізгі ережелеріне қайшы келмейді. Біз ашықтық қағидаларын басшылыққа ала отырып, Ресей мен өзге де Достастық мемлекеттерін бұндай қадам жөнінде уақытында ескерттік.
    Өкінішке орай, бүгінде стратегиялық мүдделер екінші орынға түсіп қалды, және қалыптасқан жағдайларға байланысты барлығымызға міндетті межелеу мен жеке валюталарымызды енгізу кезеңі арқылы интеграцияға беттеуімізге тура келеді.
    Сондықтан да ұлттық валютаны енгізу туралы қабылдаған шешімім – қалыпртасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы", – деді Назарбаев.
    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Facebook

    Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8:00-де Қазақстан аумағында өз ұлттық валютасы – теңге айналымға шығарылды. Валюта бағамы да белгіленді: 4,75 теңге = 1 доллар немесе 1 теңге = 500 рубль.

    Назарбаев Қазақстанда ұлттық валютаны қалай енгізді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.