jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Сезіміңізді жасырмаңыз": Әлия Назарбаева қазақстандықтарды құшақтасу күнімен құттықтады

    : Instagram

    Қазақстанның тұңғыш президенті-Елбасының кенже қызы барша отандастарын ерекше халықаралық мерекемен құттықтады. Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін құшақтасу күні екенін хабарлап, қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/aliya_nazarbayeva_official.
    Фото: Instagram/aliya_nazarbayeva_official.: Instagram

    Әлия Назарбаева Instagram желісіндегі кезекті жазбасында 21 қаңтар құшақтасу күні екенін еске салып, жақын жандардан сезімді жасырмауға шақырды.

    "Бүгін әлем бойынша өте ерекше әрі өте жылы мейрам тойлануда - халықаралық құшақтасу күні. Бұл мейраммен құттықтап, жақындарыңыз бен сүйіктілеріңізді құшақтауды ұмытпаңыз. Өз сезіміңізді жасырмаңыз" , - деп жазды ол.

    Baq.kz-тің хабарлауынша, 21 қаңтарда бүкіл әлемдік мерекелдердің бірі- Халықаралық құшақтасу күні атап өтіледі.

    Ол 1986 жылы АҚШ-та Ұлттық құшақтасу күні атауымен пайда болып, кейіннен әлем бойынша қарқынмен тарап кеткен. Мереке дәстүріне сәйкес, бұл күні достық құшаққа тіпті, бейтаныс адамдарды да алуға болады.

    Дегенмен мерекенің авторы кім екені, бұл идея алғаш кімнің ойына келгендігі және оны атап өту үшін 21 қаңтардың неліктен таңдап алынғандығы белгісіз.

    Пайымдаулар бойынша, мерекенің бастамашылары студенттер болуы мүмкін.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева отбасылық мұрағаттағы суреттермен бөліскен болатын. Ол кезде Елбасының қызы анасы Сара Назарбаева, әпкелері Динара мен Дариға Назарбаевамен түскен суреттерін көрсеткен еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Сезіміңізді жасырмаңыз": Әлия Назарбаева қазақстандықтарды құшақтасу күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.