jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті

    : UGC

    9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығы өлшеусіз даңқтың, өшпес қаһармандық ерліктің, халқымыздың шексіз, мұқалмас қайратының мерекесі ретінде атап өтіледі. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті сүйгіш барша адамзаттың мерекесі. Бүгінгі жеңімпаз ұрпақтың балалары мен немерелері үшін жарқын да қасиетті мереке. Қала көшелерінде әдеттегідей халық көп емес, дегенмен, елорда үлкен мереке қарсаңында екені аңғарылады.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: UGC

    Мерекелік рәміздер барлық жерде: жалаушалар мен Жеңіс күнінің белгілері жазылған көптеген плакаттар ілініп, аялдама павильондарында Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр мерекесімен құттықтаулар ілулі тұр.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Facebook

    Соңғы жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша, орталық даңғылдардың бойында Ұлы Отан соғысының батырлары бейнеленген билбордтар ілінген.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Instagram

    Қазір көзі тірі қырық төрт соғыс ардагері бар. Олардың ең жасы тоқсаннан асқан. Соғыс жылдары сол кездегі Ақмола облысынан 14 723 адам аттанып, олардың жартысына жуығы майдан даласында қаза тапты.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Twitter

    Біздің аталарымыз шайқаста теңдесі жоқ ерліктерімен ерекшеленіп, 44 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Facebook

    Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Талғат Бегелдинов, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Рейхстаг үстінде Жеңіс туын көтерген алғашқы Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтар Сарыарқа даңқын бүкіл әлемге жайды.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Facebook

    Солардың және басқа майдангерлердің, сондай-ақ тыл еңбеккерлерінің естеліктері кеше ғана жарық көрген «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» кітабында жинақталған. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы отшашу, салтанатты шерулерсіз өтеді.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Getty Images

    Біз бұл қасиетті мерекені үйде, отбасында атап өтіп, бізге бейбіт аспан сыйлаған әкелерімізді, аталарымызды еске аламыз.

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: UGC

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Instagram

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Instagram

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Getty Images

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Instagram

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Instagram

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Facebook

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті (фото)
    Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі: Getty Images

    Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.