jitsu gif branding logo appbranding logo app
Бос уақыт

    Желіде Алғыс айту күніне арналған челлендж басталды

    Қыздар
    Құшақтасу. Көрнекі сурет: pixabay.com

    БАҚ және желідегі пабликтерде жұртшылыққа арналған Алғыс айту күніне орай челлендж басталды. Онда қазақстандықтарды жақындарына телефон соғып, алғыс айтуға шақырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі kazakh_inform парақшасы айтулы күнге байланысты оқырмандарға челлендж ұсынып, жазба қалдырды.

    "1 наурыз - достарыңыз бен жақындарыңызға ғажап көңіл-күй үшін алғыс айтудың керемет мүмкіндігі. Мүмкіндікті пайдаланыңыз және ең жақын адамдарыңызға қоңырау шалып, сіздің өміріңізде бар болғаны үшін алғыс айтыңыз!" – делінген жазбада.

    Сондай-ақ Instagram желісіндегі qazaqstan.24 паблигі де челленджді қоштап, оқырмандарын жақындарына қоңырау шалуға шақырды.

    "1 наурыз сағат 12:00-де жақындарыңа қоңырау шалып, рақмет айт" - деп жазба қалдырды.

    Идеяны қолдаған Қазнет қолданушылары айтулы күнге арналған челенджді бөлісіп жатыр.

    Жазбалардың астында да оқырмандар жақындарын белгілеп, алғыс айтуды жөн көрген.

    Айта кетейік, көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы алғыс айту күні Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елдегі мерекелер тізіміне енгізілген болатын.

    Сондай-ақ бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.