jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда Көрісу күні кеңінен атап өтіледі

    Көрісу күні
    Көрісу күні. Көрнекі фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдік ақпаратынша, Алматыда Наурыз мейрамын тойлау Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтуден басталады. Бұл күні мегаполис тұрғындары мен қонақтары Көк Төбеге жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды.

    Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді, жақсы тілектер айтады.

    Айта кетейік, 14 наурызда Көк Төбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында "Көктөбедегі Амал күні" атты мерекелік концерт өтеді. Оған "Жігіттер" тобы, "Алатау серілері" тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады.

    Алматыда Көрісу күні кеңінен атап өтіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.