Түркістанда қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Жарияланған күні:

Түркістанда қала күніне орай өтетін іс-шаралар тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала күніне орай өтетін іс-шаралар:
- 15 қазан, сағат 12:00 – баскетболдан 2009-2010 жылы туған ұлдар арасында халықаралық турнир, Б. Шолақ спорт кешені;
- 16 қазан – "Түркістан көркі" фото байқауы, Оқушылар сарайы;
- 16 қазан, сағат 09:00 – шахматтан Түркістан қаласының ашық біріншілігі, "Фараб" ғылыми-әмбебап кітапханасы;
- 16 қазан, сағат 10:00 – "Түркістаным – Тұраным" атты жас ақындар арасында қалалық жыр мүшәйрасы және "Түрленген, гүлденген Түркістан" атты жас ақындар айтысы, Қ.Сәтпаев атындағы № 12 ЖОМ;
- 17 қазан – ұмытылып бара жатқан халық әндеріне дем беру мақсатында концерт пен көрме, "Ақжайық" музыкалық мектебі;
- 18 қазан сағат 11:00 – "Тербететін жанымды, Түркістаным ән, жырым!" атты поэзиялық кеш, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
- 18 қазан 16:00 – "Тұғыры биік, киелі мекенім – Түркістан" атты концерттік бағдарлама, "Фараб" ғылыми-әмбебап кітапханасы;
- 18 қазан – "Диуани хикмет" аймақтық Ясауи хикметтерін жатқа айту байқауы, "Фараб" ғылыми-әмбебап кітапханасы;
- 19 қазан, сағат 12:00 – баскетболдан 40 жастан жоғары ересектер арасындағы Түркістан қаласының ашық біріншілігі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ;
- 20 қазан – футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігі, "Бірлік" секторы;
- 21 қазан, сағат 09:00 – Түркістан қаласының сектор тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерін спартакиада, О. Жарылқапов атындағы стадион;
- 22 қазан, сағат 10:00 – театрландырылған қойылым, патриоттық өлеңдер оқу және кітап көрмесі, қоөнершілер фестивалі, көкөністер жәрмеңкесі, "Этноауыл" аумағы;
- 22 қазан – "Түркістан балалар көзімен" суретшілер фестивалі, "Арбат" бойында;
- 23 қазан, сағат 09:00 – қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Түркістан қаласының біріншілігі, "Farabi school" спортзалы;
- Cондай-ақ 23 қазанда сағат 19:00-де Мұз сарайы алаңында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/leisure/holidays/2174385-turkistanda-qala-kunine-orai-qandai-is-sharalar-otedi/