jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлттық валюта" күні: Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бар

    Теңге мен доллар
    Теңге мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    15 қараша - Қазақстанда "Ұлттық валюта" күні. Осы орайда елімізде теңге есімді қанша адам барын "Массагет" тілшілері анықтап көрді.

    Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерге сәйкес, елімізде "Теңге" есімді 12 адам тіркелген.

    Ал "Тенге" есімді 72 адам бар болып шықты.

    Сондай-ақ Ұлттық статистика деректері бойынша елімізде "Ақша" есімді ұлты қазақ 3 адам бар.

    1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасының суретшілері Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

    1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылғы 12 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.

    "Ұлттық валюта" күні: Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.