jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тәуелсіздік күніне арналған тез жатталатын тақпақтар

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Көрнекі сурет
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тәуелсіздік күні - еліміздің қастерлі әрі басты мерекелерінің бірі. Осыған орай, назарларыңызға балаларға тез жатталатын тақпақтар топтамасын ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Мақалада Тәуелсіздік күніне арналған балаларға оңай жатталатын тақпақтар топтамасы ұсынылған.
    • Тақпақтарда Қазақстанның тәуелсіздігі, елдің бақыты мен қуанышы, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі жырланған.
    • Мақалада Zharar.com сайтынан алынған қосымша тақпақтар да берілген, оларда Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздігі құттықталып, елдің гүлденуі тіленген.

    Тәуелсіздік күні - еліміздің ең қастерлі әрі айбынды мерекелерінің бірі. Бұл күнді балабақшадағы бөбектерден бастап, ақ жаулықты әжелерге дейін ерекше құрметпен қарап, бағалайды. Осыған орай, назарларыңызға жатталуы оңай, бүлдіршіндерге арналған тақпақтар топтамасын ұсынамыз:

    ***

    Тәуелсіздік таңы атқан, Елімізде нұрлы таң. Балалардың күлкісі, Бақыттың бір белгісі.

    ***

    Тәуелсіздік таңдары, Жарқырайды шамдары. Қазақстаным, Отаным, Бақытты елдің балалары.

    ***

    Отаным – алтын бесігім, Жүрегімде тербетем. Қазақстаным – кең елім, Мақтанышпен жыр етем.

    ***

    Атамекен – туған жер, Бізге бақыт сыйлаған. Тәуелсіздік күнімен, Жүрегіміз қуанған.

    ***

    Елім менің егемен, Бақытты өмір сүрем мен. Тәуелсіздік күнімен, Қуанышқа бөленем.

    ***

    Күн шуақты елімде, Ойнаймыз біз көгінде. Тәуелсіздік мерекесі, Қуаныштың белгісі.

    ***

    Жазық даладағы бір үйір жылқы. Көрнекі сурет
    Жазық даладағы бір үйір жылқы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар топтамасын Zharar.com сайты да ұсынады:

    ***

    Жасай бер елім, қазағым, Еселеніп ғажабың! Отыз жылдығың құтты боп, Кіре берсін ажарың!

    ***

    Тәуелcізбіз отыз жыл, Құтты болсын, қазағым! Бейбітшілікті жөн еткен, Елім өзің, ғажабым!

    ***

    Отаным, Қазақстан, Құтты болсын мерекең. Тәуелсіз елміз отыз жыл, Арта берсін берекең.

    ***

    Өзіңді мақтан етемін, Қазақстаным, Отаным! Құтты боп отыз жылдығың, "Жаса!" деп үн қатамын!

    ***

    Отан деген - атамекен. Отанымды сүйемін мен. Отан жерім, Отан елім Міне, менің қазақ жерім.  

    ***

    Көк күмбездегі Қазақстан туы. Көрнекі сурет
    Көк күмбездегі Қазақстан туы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    ***

    Тәуелсіздік ұлық той, Қуанышын беретін. Бүкіл халық шаттана, Бар қызығын көретін.

    ***

    Жанды тербер қашан да, Тәуелсіздік болсын тек. Азаттығым мәңгі боп, Шаттанайық күлімдеп.

    ***

    Құтты болсын мереке, Жанымызды тербетер. Тәуелсіздік күні бұл, Шаттығымды теңді етер.

    ***

    Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік күні бұл. Таусылмасын қазақтың, Әні менен жыры бұл.

    ***

    Құтты болсын қазағым, Тәуелсіздік алған күн. Кіре берсін ажарың, Гүлдей жайнап әрбір күн.

    ***

    Құттықтаймын бүгінгі, Тәуелсіздік күнімен. Ән, жырымды арнаймын, Балдай тәтті үніммен.

    ***

    Тәуелсіздік күнінде, Жайнай берші қазағым. Тойла елім, тойлай бер, Таусылмай еш ғажабың.

    ***

    Тәуелсіздік ізімен, Келеміз біз күлімдеп. Жаса мәңгі қазағым, Сәтті болып күнің тек.

    Тәуелсіздік күніне арналған тез жатталатын тақпақтар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.