jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңа жылға қарсы елімізде қосымша пойыздар қатынайды

    пойыз жолы
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Қазақстан темір жолы" жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ сайты хабарлайды.

    Ұлттық тасымалдаушының Telegram-дағы парақшасындағы хабарламаға сәйкес, қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

    • №201/202 "Астана-Алматы" пойызы:

    — Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда, 2025 жылғы 1, 4 қаңтарда.

    — Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанда, 2025 жылғы 2, 5 қаңтарда.

    • №203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:

    — Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанда, 2025 жылғы 1, 4 қаңтарда.

    — Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсанда, 2025 жылғы 2, 5 қаңтарда.

    • №205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:

    — Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда, 2025 жылғы 1, 4 қаңтарда.

    — Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсанда, 2025 жылғы 3, 6 қаңтарда.

    Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар.

    • 2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:

    №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

    №7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

    Бұған дейін "Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Оның орнына бір реттік жолаушылар пойызы ұйымдастырылады.

    Жаңа жылға қарсы елімізде қосымша пойыздар қатынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.