"Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жарияланған күні:

"Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Оның орнына бір реттік жолаушылар пойызы ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 23 қарашадан бастап техникалық себептерге байланысты Talgo вагондарынан құралған №41/42 "Алматы-2-Атырау" жолаушылар пойызының қозғалысын уақытша тоқтатады.
"Жолаушылардың тасымалын қамтамасыз ету мақсатында №541/542 «Алматы-2 – Атырау» бір реттік пойызы ұйымдастырылды. №541/542 «Алматы-2-Атырау» пойызының қозғалыс кестесі мынадай: Алматы-2 станциясынан 22 қарашада жергілікті уақытпен сағат 00:21-де жөнелтіледі. Пойыз Атырау станциясына 23 қарашада келеді. Оның уақыты диспетчерлік кестеге сәйкес анықталады. Ал, Атырау станциясынан 23 қарашада жергілікті уақытпен сағат 21:40-та жүріп, Алматы-2 станциясына 25 қарашада жетеді", -деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, №541/542 "Алматы-2-Атырау" бағыты бойынша стандартты вагондарда жол жүрген жолаушыларға билет құнының айырмашылығы жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларына сәйкес өтеледі.
"Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпаратты "1433" нөмірі арқылы ақысыз алуға болады", -делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190855-atyrau-almaty-bagytyndagy-zholaushylar-poiyzynyng-qozgalysy-uaqytsha-toqtatylady/